Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев Қазақстан дінаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді табысты ілгерілетуде бірегей тәжірибесі бар әлем қауымдастығы мойындаған егемен мемлекет ретінде қалыптасқанын атап өтті. Еліміздің Конституциясына сәйкес мемлекет дамуының зайырлы моделі қалыптасты, бұл ретте оның конфессиялармен қарым-қатынасы барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі және әрбір адамның жеке сенімін құрметтеу және этникалық және дінге көзқарас қағидаттарына негізделеді.
«Сонымен қатар, дінге қызығушылық танытатын, бірақ білімсіз, сондықтан деструктивті ықпалға бейім жас жамбылдықтардың радикалдану қаупі бар», — деп атап өтті басқарма басшысы.
Білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев кеңес мүшелерін облыс мектептерінде терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерімен таныстырды.
— Жаңа оқу жылында мыңға жуық профилактикалық іс-шара өткізіліп, оған 194 мыңнан астам жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысқан болатын. Ұстаздарды, ата-аналарды және мектеп оқушыларын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтындағы материалдармен таныстырамыз. Жергілікті және шетелдік теологиялық оқу орындарына, атап айтқанда, Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетіне, Қырғызстандағы Ислам және Хазірет Осман университеттеріне, «Сары-Ағаш» медресе колледжіне оқуға түсетін түлектермен сұхбаттар жүргізілуде. Мектептерде әлемдік діндер негіздері бойынша факультативтік курс енгізілуде», — деді Мұхит Нысанбаев.
Облыс әкімдігінің жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар да діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жұмыстарына тоқталды.
Құрамына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық филиалы, Орыс православ шіркеуі, «Қоғамдық келісім» КММ, полиция және әділет басқармалары, облыс әкімдігінің басқармалары, Тараз қаласы мектептерінің өкілдері кіретін кеңес мүшелері мектеп мұғалімдеріне, басшылық пен білім бөлімдеріне оқушылар мен жастарға рухани тәрбие беру жұмысын күшейтуді ұсынды.