Сыртқы істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың сотына ресейлік журналист және тележүргізуші Ксения Собчак, сондай-ақ блогер әрі коуч Наталья Грейстің қатысуы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Біріншісі де, екіншісі де аккредитация алуға жүгінген жоқ. Олардың сотқа кім ретінде қатысып жатқанын сот өкілдерінен білуге болады», — деп жауап берді ол журналистер сұрағына.
Еске салайық, 22 сәуірде ресейлік журналист әрі тележүргізуші Ксения Собчак бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына Қазақстанға келді.