• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Су тасқыны. СҚО-да зардап шеккендерге 100 жаңа үй салынып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 100 жаңа үй салына бастады.

27.04.2024
0
Су тасқыны. СҚО-да зардап шеккендерге 100 жаңа үй салынып жатыр
37
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Вице-премьер Қанат Бозымбаев, Kazakhmys Holding директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким және KAZ Minerals Management басқарма төрағасы Эльдар Мамедов Солтүстік Қазақстан облысына барып, қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, сонымен қатар жергілікті тұрғындармен кездесті.

Су тасқыны басталғалы облыста 3898 үйді су басқан. Саяжай аумағы айтарлықтай зардап шекті – 6597 учаске. Облыс әкімдігінің мәліметінше, су басқан тұрғын үйлердің 40%-ға жуығы одан әрі тұруға жарамсыз болуы мүмкін.

Үйсіз қалғандар уақытша жатақханаға орналастырылды. Вице-премьер эвакуацияланған азаматтармен кездесуде мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдау шараларын еске салды. Қазірдің өзінде 3383 отбасы 100 АЕК көлемінде бір реттік жәрдемақы алды.

Сондай-ақ облыс тұрғындарына KAZ Minerals, Kazakhmys Holding және Kaspi.kz компаниялары Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге 60 млрд теңгеге дейін қаражат бөлгені, сондай-ақ қаражаттың негізінен Солтүстік Қазақстан облысына бағытталатыны туралы айтылды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен үш ірі компанияның басшылығымен және акционерлермен бірге осы өңірге келдім. Жалпы сомасы 60 млрд теңге су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер сатып алуға және үй салуға бағытталады», — деді вице-премьер халықпен кездесуінде.

Сондай-ақ облыс әкімдігіне екі апта ішінде тұрғын үйлерді бағалап, оларды қалпына келтіру жұмыстарын бастау тапсырылды.

«Мұндай жағдай елімізде бірінші рет орын алып отыр. Бұл нағыз апат екенін өз көзіммен көрдім. Ешкім бейжай қалмауы керек. Мұнда бәрі тең. Үкіметпен бірге қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз», — деді Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким.

Солнечное-2 ауылында 100 үйдің құрылысы басталып кетті. Оған 10 мердігерлік ұйым жұмылдырылды. Жоба облыс әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоры арасында қол қойылған меморандум аясында бастау алды. Баспананы жаздың ортасына дейін аяқтауға мүмкіндік беретін қажетті инженерлік инфрақұрылым мен коммуникациялар бар.

Бұдан кейін Қанат Бозымбаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев пен мердігерлердің қатысуымен кеңес өткізді.

«Өнеркәсіп және құрылыс министріне өңірді қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуді, олардың бағасын үнемі қадағалап, қымбаттауына жол бермеуді тапсырамын. Әр теңгеге сұраныс болатынын мердігерлер мен әкімдікке тағы да еске саламын. Өңірлерді қалпына келтіру үдерісіне құқық қорғау органдары жұмылдырылып, жағдайды мұқият қадағалап отыр. Ауа райы салқындағанша зардап шеккендердің барлығын қоныстандыруымыз керек», — деп түйіндеді вице-премьер.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: баспаназардап шеккендерҚанат БозымбаевҚР ҮкіметіСҚОсу тасқыны

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты