Турар Муханбетханұлы, Шу ауданында суицидті алдын-алу жұмыстарының барысы туралы баяндап берсеңіз. Жалпы жыл басынан бері өз-өзіне қол жұмсауды алдын-алу бағытында қандай жұмыстар атқарылды?
2023-2024 оқу жылында Шу ауданы білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде 58 педагог-психолог қызмет атқарып жатыр. Психологтардың барлығының жоғары білім бар. Санаты бойынша жоғарғы санатты-1, І санатты-1, ІІ-санатты-5, педагог-модератор-22, педагог-сарапшы-5, педагог-зерттеуші-5, санатсыз-19 маман қызмет атқарып жатыр. 2023 жылдың 31 қазаны мен 20 желтоқсан аралығында «Бестерек» жобасы аясында өткізілетін біліктілікті арттыру курстарына 60 педагог-психологтың қатысуы жоспарланып отыр.
Мектептерегі психологиялық қызметтер қандай заңды норма негізінде атқарылады?
Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс жасау қағидалары «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығымен бекітілген. Осы қағида негізіндегі жасалатын жұмыс жоспарының аясында аудан мектептерінде «Суицидке бейімділікті анықтау», «Сенің өмірде шешілмейтін жағдай болды ма?» деген тақырыптарда арнайы сауалнама жүргізіліп, нәтижелері бойынша бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал суицидтің алдын алу мәселелері аудандық білім бөлімінің бақылауында. Аудан мектептерінде бұл мәселе мектепішілік бақылауға қойылып, педагогикалық кеңестерде, директор жанындағы кеңестерде қаралды.
Осы бағыт бойынша нақты қандай шаралар жүргіздіңіздер?
2023 жылдың 8 айында осы жағдайлардың алдын алу жөнінде ауданның білім мекемелерінде оқушылар және ата-аналармен 17 дәріс, 20 кездесу, 7 семинар, сұрақ-жауап арқылы 16 әңгімелесу, 11 сауалнамалар алынды. Балаларды буллингтің және кибербуллингтін алдын алу бойынша 5-11 сынып оқушыларымен интернет жүйесіне жағымсыз сайттарға әлеуметтік желілердегі «өте нашар» топтарға абайсызда қосылып кетпеуі, ата-аналар арасында дәрістер өткізілді. Балалардың жағымсыз сайттарға кіруін қадағалау бойынша ата-аналарға арналған «Ата-аналар бақылауы», «Smart» қосымшасын сұрақ-жауап әдісі арқылы үйрететін шеберлік сыныптары өтті. 5-11 сынып оқушылар арасында, яғни 8650 оқушының қатысуымен ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Ғаламтор қауіпсіздігі», «Кибербуллинг», «Әлімжеттік» тақырыптарында ағарту жұмысы жүргізіліп, оқушылар назарына видеороликтер көрсетілді. Оқушылар арасында өзара сұрақ-жауаптар қойылып, пікір алмасу болды. Кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы биыл оқушыларға жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мектептерде суицидке бейімі бар балалар анықталды ма?
Оқушылар арасында психологиялық ауытқушылық пен депрессия белгілері және өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігі байқалған жоқ. 8-10 сынып оқушыларынан жасырын сауалнама алынып, қорытынды мониторингі жасалынды. Саулнаманың мақсаты: оқушылардың өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігін байқау. Сауалнамаға 33 мектептен 6552 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша жасөспірімдердің бойынан психологиялық ауытқушылық пен депрессия белгілері және өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділік байқалмады. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде 5-11 сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша ешбір қауіпті фактілер, күдіктер анықталмады. Егер оқушыларға қандай да бір зорлық-зомбылықтың құрбаны болса немесе кеңес қажет болса, мектеп психологы тарапынан көмек сұрауына немесе мектеп «Сенім жәшігіне» хат жазуға болатындығы туралы кеңес берілді.
— 2023 жылғы 31 тамызда ҚР Үкіметінің №748 қаулысымен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілген болатын. Бұл тұрғыда атқарылып жатқан немесе жоспарлап отырған жұмыстарыңызды баяндап бере аласыз ба?
Аталған кешенді жоспар бойында жүргіззіліп, жоспарланып отырған жұмыстарымыздың легі қарқынды. Мәселен жыл сайын қаңтар, наурыз. мамыр, қыркүйек айларында оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірыңғай сабақтарды тоқсан сайын өткіземіз. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі жол карталарын әзірлеу және бекіту жұмыстары қазір тұрақты жүргізіліп жатыр. одан бөлек «Дағдарысты басқару» әдісі бойынша шұғыл көмек көрсету үшін интерактивті карта негізінде өңірлік бағдарлама әзірленуде. Алдағы желтоқсан айына білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына, әлеуметтік педагогтеріне супервизия ұйымдастырылмақ. Өз-өзіне қол жұмсау құралдарына (шатырға шығуды бақылау, орынсыз контентті бұғаттау, дәрілік препараттарды жауапты қолдану) қол жеткізуді шектеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жыл сайын маусым және желтоқсан айларында өтеді. Жыл сайын желтоқсанда әрбір білім беру ұйымында ата-ана қауымдастықтарын, яғни аталар, әкелер, аналар, әжелер қауымдастықтары құрылып отырады. Балалар-жасөспірімдер спортын дамыту, мектептік спорт лигаларын құру және мектептік спорт клубтары арасында дене шынықтыру бағытында да ауқымды шаралар өткізіліп тұрады. Жыл сайын маусым және желтоқсан аралығында «Ата-ана бақылауы» атты қосымшаларды қолдану бойынша кең ауқымды науқан жүргізіледі.
Әңгімеңізге рақмет!
Материал Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды