Кездесу барысында Аида Балаева Министрлік мәдениет, ақпарат, дін саласы бойынша және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекет етуінің тиімді моделін құру, мемлекеттік жастар және отбасылық саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ этносаралық келісім саласында жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.
Дорж Баярхуу Моңғолия үшін медиасферадағы ынтымақтастық ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті. Осыған байланысты «Хабар» агенттігі және «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі ірі моңғолиялық БАҚ-пен меморандумдарға қол қойды.
Бірлесіп деректі, көркем, анимациялық фильмдер, сериалдар шығару үшін, сондай-ақ екі елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге арналған экспедиция құру үшін ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық салада бірлесіп жоспар дайындауға келісті, оны іске асыру екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі