• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Министр: 33 мыңнан аса бас мал су басқан аумақтардан қауіпсіз жерге шығарылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға барды

04.04.2024
0
Министр: 33 мыңнан аса бас мал су басқан аумақтардан қауіпсіз жерге шығарылды
164
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Сәуірдің 3-і күні Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ақтөбе облысына, мал шаруашылығына жауапты вице-министр Аманғали Бердалин Батыс Қазақстан облысына, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м.а. Қайыржан Байжанов – Қостанай облысына іссапармен барды.

Ауыл шаруашылығы министрі сапарының негізгі мақсаты – малды су басқан аймақтардан қауіпсіз қашықтыққа айдау бойынша жұмыстардың барысы мен нәтижелерін бақылау, ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне келтірілген залалды есепке алу алгоритмдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстардағы аумақтық өкiлдiктерiнiң және Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың жұмысын бақылауды жүзеге асыру.

Сапар барысында министрлік басшылығы су тасқынынан зардап шеккен ауылдық округтердегі шаруалармен және мал иелерімен кездесті.

«Жедел деректерге сәйкес, 33 мыңнан астам бас мал су басқан аумақтардан қауіпсіз жерге шығарылды. Ауыл шаруашылығы жануарларының басым бөлігі аман қалды, мал иелеріне келтірілген шығынды анықтау жұмыстары жалғасуда. Комиссия қорытындысы бойынша өлген жануарлардың иелеріне өтемақы төленеді», — деді Айдарбек Сапаров.

Тұрғындармен кездесу барысында несиені төлеу мерзімін кешіктірген жағдайда айыппұлсыз, мерзімін ұзарту туралы өтініштер айтылды. Ауыл шаруашылығы министі мәселені қарап, шаруалараға жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық өкілдіктерінің, оның ішінде «Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың» қызметкерлері су басқан аумақтардағы жұмыстарға белсене қатысуда. Кәсіпорынның балансында 146 маман, 78 техника бар. Су басқан өңірлердегі қолайлы эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында кәсіпорын жанар-жағар маймен және жою жұмыстарын жүргізуге қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, қауіпсіз жерге жеткізілген малды жеммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде Азық-түлік корпорациясы шаруалардың сұранысы бойынша жем-шөп жеткізуді ұйымдастыруға дайын.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

 

Тегтер: ауыл шаруашылығы министрлігізардап шеккендерөтемақысу тасқынытөрт түлік

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты