Алдын ала мәлімет бойынша Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен кейін қаза тапқан немесе зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазір біз егжей-тегжейлерді анықтап жатырмыз. Мәскеудегі Елшілік жергілікті билік органдарымен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпарат жоқ», — деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Қазақстан Республикасы азаматтары үшін елшіліктің мына сенім телефоны жұмыс істейтінін ескертеміз: 8(925) 897-71-14
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге теракт құрбандарының көп болуына байланысты көңіл айтты.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі