• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:49
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАШӨКЕЕВ ТАҢАТАРОВТЫ ӨЗІНЕ КЕҢЕСШІ ЕТТІ

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен спортты дамыту саласы бойынша Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болып Ақжүрек Достықұлы Таңатаров тағайындалды

turan_admin turan_admin
05.03.2024, 12:46
Облыс жаңалықтары
Ақжүрек Таңатаров

Ақжүрек Таңатаров

3.8k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұған дейін Ақжүрек Таңатаров даулы жағдайда Жамбыл облысы денешынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» МКК басшысы қызметін атқара отырып жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны қалтасына басқаны туралы хабар тараған. Олимпиада жүлдегері мұны жоққа шығарып, видеоүндеу жасады.

Одан қалды журналист Михаил Козачков өзінің телеграмдағы парақшасында интернаттың суреттерін салып, жағдайының мүшкіл екенін жазған болатын. Олимпиада жүлдегері интернаттың бүгінгі күйі шынымен де көңіл көншітпейтінін растап отыр.

«2021 жылы Ақжүрек Таңатаров интернат оқушыларының киімге бөлінген 3 млн 109 мың теңгесін жұмсаған деген. Бірақ мен жұмысқа келгенге дейін осы спорттық киімдерге конкурс ойнатылып қойған. Бұл экономиядан қалған ақша. Оған басқарма басшысы қол қоймай, ақшаны еш жерге жұмсай алмаймын. Неге десеңіздер — бізде базардағы сияқты өзің саудаласып отыратын жер емес. Әр теңгені, әр тиынды басшының келісімі, рұқсатымен ғана жылжытасыз. Сол себепті бұл ақша оқу-жаттығу жиынына қаражат жетпей жатқандықтан бұрынғы басқарма басшысының рұқсатымен жұмсалған», — деді Ақжүрек Таңатаров.

Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов былтыр да мектеп-интернаттағы қаржыландыру жоспары дұрыс жасалмаған дейді. «2021 жылдың жылдық есебін қалыптастыру барысында бюджеттік заңнама өрескел бұзыла отырып, басқармаға 2 млн 586 мың теңгеге бұрмаланған қаржылық есептілік тапсырылған. Интернат басшылығы тарапынан кредиторлық берешектерді мүмкіндігінше азайту немесе толық өтеу тұрғысында жұмыс атқарылмаған. Кредиторлық берешектерді жабудың орнына жыл бойына іссапар шығындарына 3 млн 782 мың теңге жылжытылған. 2023 жылы азық-түлік сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында заңнамамен берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланбауы салдарынан наурыз-сәуір айларында интернат оқушылары мемлекет тарапынан тамақпен қамтамасыз етілмеген», — деді Ташметов.

Сондай-ақ Арман Ташметовтың айтуынша, 2021-2022 және 2022-2023 оқу жылдары интернаттан 52 тәрбиеленуші оқудан шығып кеткен. Оның ішінде 2-3 жыл мемлекет қаражатымен интернатта тәрбиеленген чемпиондар да бар дейді. Мекемеде оқушылардың оқу циклін аяғына дейін жеткізуі назарға алынбай, ұйымдастырушылық жұмысы төмендеген деп баға берді.

Таңатаров пен Ташметов арасындағы кекілжің шешілді ме, қалай болғанда да Олимпиада алдында Жамбыл жері медалсіз қалмаса болды.

Тегтер: Ақжүрек Таңатаров
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.