• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

TURKTIME дәуірі. Қазақстан СІМ басшысы III Анталия дипломатиялық форумына қатысты

Ашылу салтанатында Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған сөз сөйледі.

02.03.2024
0
TURKTIME дәуірі. Қазақстан СІМ басшысы III Анталия дипломатиялық форумына қатысты
84
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Түркия Үкіметінің шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу III Анталия дипломатиялық форумының жұмысына қатысты. Үшінші рет өтіп жатқан іс-шараға 100-ден астам мемлекет және үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен сараптамалық топтардың өкілдері қатысты. Биылғы форумның басты тақырыбы «Дүрбелең кезеңіндегі дипломатияны ілгерілету».

Ашылу салтанатында Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Анталия форумы жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін маңызды алаңға айналғанын атап өтті. Түркия көшбасшысы әлемдегі қазіргі күрделі геосаяси жағдайда дипломатияны жетілдіру қажеттілігіне баса назар аударды.

Форум шеңберінде М.Нұртілеу «Түркі әлемін институционализациялау: ХХІ ғасырдағы Түркі мемлекеттері ұйымы» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты. Аталмыш сессияның модераторы ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев болды, ал спикерлер ретінде Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов пен Түркия СІМ-нің бұрынғы басшысы, Парламенттің депутаты Мевлют Чавушоглу қатысты.

Министр М.Нұртілеу өз сөзінде Қазақстанның түркі әлеміндегі ерекше рөлін, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының қызметі шеңберінде интеграцияны оң дамытып келе жатқан бастамашы және Ұйымның негізін қалаушы мемлекеттердің бірі екенін атап өтті. Оған қоса ол қатысушыларды TURKTIME дәуірі ұранымен өтетін ұйымдағы қазақстандық төрағалықтың басымдықтары туралы хабардар етті.

«Біздің ұйым барлық түркі елдерін біріктіреді және бірлесіп интеграциямызды нығайтудамыз. Негізгі мақсат — экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту. Біз бір-бірімізге әртүрлі салаларда әлеуетті ашуға көмектесеміз, соның ішінде көлік-логистика, цифрландыру және сауда салаларында», — деп мәлімдеді М.Нұртілеу. ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы ТМҰ блоктық құрылым емес және Ұйымда жасырын күн тәртіп жоқ екенін атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысы түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы өзінің өміршеңдігін көрсетіп, жаңа геосаяси шындық ретінде біртұтас Түркі әлемінің пайда болуына әкелгенін атап өтті.

Панельдік сессияға қатысушылар институттандыру үдерісінен өтіп жатқан ТМҰ дамуының оң динамикасы туралы өз пікірлерін білдіріп, түркі интеграциясын одан әрі тереңдетуде ынтымақ танытты. 2022 жылы Ыстамбұлда ТМҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Саммиті барысында диалог алаңынан толыққанды халықаралық ұйымға трансформациялау туралы шешім қабылданды.

Тегтер: Түркия

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты