Бастама қазақстандықтар арасында бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткізген ел бірлігі мен патриотизмді нығайтуға, рухани дамуға, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, басқалар үшін де жауапты болуға тәрбиелейді.
«Арайлы атамекенім» челленджіне кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін қолданып, пікіріңізді жазып, #АрайлыАтамекенім, #ArailyAtamekenim хэштегін белгілеп, әлеуметтік желі парақшасына жариялау қажет. Одан әрі эстафетаны достарыңыз бен оқырмандарыңызға жолдауға болады. Челлендж республика бойынша 3-наурызға дейін жалғасады.
Айта кету керек, челленджді бастап кеткендер де бар. Олар қоғамдағы бірлік пен келісім, туған жерге деген сүйіспеншіліктері мен мәдени ерекшеліктерін, дәстүрлері мен құндылықтары туралы пікірін жазып, алғыстарын білдіруде. Барлығыңызды Республикалық челленджге қатысуға және өз оқиғаларыңызды бөлісуге шақырамыз.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі