• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

АШМ: Қазақстандық фермерлерге 2 есе көп тыңайтқыш қолдану керек

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жоғары өнім алу үшін биыл тыңайтқыштың үлесін 2 есе ұлғайту керек екенін айтты.

21.02.2024
0
АШМ
82
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі осылай деді. Сөзінше, тыңайтқыштың жалпы көлемін 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу қажет. Бұл өнімділікті орташа 3-5 ц/га дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Айдарбек Сапаров ресейлік астықтың Қазақстан нарығына және біздің АШТӨ үшін дәстүрлі экспорттық нарықтарындағы жоғарғы үлесінің басты себебі ресейлік өнімдердің арзандығы екенін айтты. Ал қазақстандық диқандар орташа есеппен 9-10 ц/га өнім алып отыр. Түсімді арттыру үшін агротехнологияларды қолдану қажет.

Ауыл шаруашылығы саласының негізгі ресурстарының бірі – минералды тыңайтқыштар. Мысалы, Еуропа елдерінде әр гектарға 250 кг-нан астам, Беларусьте 120 кг, Ресейде бұл көрсеткіш гектарына 55-60 кг аралығын қамтиды, ал Қазақстанда қоректік заттар орта есеппен 1 гектарға 10 кг-ға жетпейді.

Сондай-ақ республика бойынша тыңайтқыштарды енгізу көлемі әр аймақта әртүрлі. 2023 жылдың аяғында 5,6 миллион гектар егістік алқабын құрайтын Қостанай облысы небәрі 54 мың тонна тыңайтқыш пайдаланған. Қостанайға қарағанда егіс көлемі 1,2 миллион гектарға аз Солтүстік Қазақстан облысы 190 мың тонна, яғни, 3,5 есе көп тыңайтқыш жаратқан.

Өз тарапынан, Ауыл шаруашылығы министрлігі сұраныстың артуы кезінде тыңайтқыштар бағасының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін жұмыс істеуде.

Айдарбек Сапаров субсидиялар АӨК субъектілерінің орнына отандық өндіруші зауыттар мен қаржы институттарына («Қазагрофинанс» АҚ) алдын ала тікелей төленетінін түсіндірді. Фермер үшін бұл ыңғайлылық пен жеңілдетілген баға болса, ал зауыт үшін олардың тауарларын сатудың кепілі болады.

Бұл ретте импорттық тыңайтқыштарды таңдаған фермерлер де мемлекеттік қолдауға ие болады, олар үшін субсидиялау шарттары мен мемлекеттік қолдау алу форматы бұрынғысынша қалады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Тегтер: агроөнімауыл шаруашылығыминералды тыңайтқыштар

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты