Өндіріс саласы бойынша былтырғы жылы өнеркәсіп көлемінің жоспары 453,6 млрд. теңге болса, нақты орындалғаны 462,7 млрд. теңгеге жетті.Бұл көрсеткіш қаламыздағы негізгі ірі кәсіпорындарының есебінен орындалды.
Ал ағымдағы жылы өнеркәсіп көлемін 483,0 млрд. теңгегежеткізу көзделіп отыр.Сондай-ақ «Тараз» индустриалды аймағында2024-2026 жылдары жеке инвесторлар тарапынан құны 82,1 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылады.
Ауылшаруашылығы саласында өнім көлемін 2023 жылы 14,4 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, нақты орындалғаны 16,3 млрд. теңгені құрады.Ал 2024 жылы 17,4 млрд. теңгеге жеткізу көзделген. Бұл межеге жету үшін жыл соңына дейін құны 3,1 млрд. теңге болатын 12 жоба іске асырылады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің жоспары 162,1 млрд. теңге болса, 164,6млрд. теңгеге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткішті 2024 жылдың қорытындысымен 242,9 млрд. теңгеге дейін арттыру көзделген.
Бөлшек сауда тауар айналымын2023 жылы 323,1 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, есепті кезеңде 362,1 млрд. теңгені құрады. Ал ағымдағы жылы 328,9 млрд. теңгеге жету межесі белгіленген.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылы 72,8 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, нақты орындалғаны 74,1 млрд. теңгені құрады. 2024 жылдың жоспары 80,1 млрд. теңге.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы бойынша 2023 жылға жоспар 355 мың шаршы метр болса, орындалғаны 358,4 мың шаршы метрді құрады. Ал 2024 жылдың қорытындысымен 372,7 мың шаршы метрге дейін арттыру көзделген.
Тұрғын үй құрылысы саласы бойынша даму картасында 2023 жылы бюджет есебінен 25 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған (9 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы, Сүлейменов көшесінің соңы, 16 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы Асқаров көшесінің соңы).Ағымдағы жылы Сүлейменов көшесінің соңындағы 15 мөлтек ауданда 34 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі.
«Автобекет» маңындағы 14 мөлтек ауданда 22 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім ұсынылды.
Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алқапқа қосымша 30 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Мердігерлердің жеке қаражат есебінен 2023-2024 жылдары 18 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланса, өткен жылы 7 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, қалған 11 үйдің құрылысы жүргізілуде.
Орталық көшелердегі (Төле би, Абай даңғылдары, Қазыбек би және Әйтеке би көшешелері) 24 көпқабатты тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жақсарту жоспарлануда. Биылғы жылы Төле би даңғылының бойындағы 11 үйдің сырт келбеті мен шатыры жөнделеді.2025 жылы қалған 13 үйдің сәулеттік келбеті жаңартылады.