Алқа мәжілісінде сөз алған Ермек Маржықпаев 2023 жылы туризмді дамыту саласында атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген нәтижелер туралы айтып берді.
«2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 5,4 млн отандық азамат ел ішінде саяхат жасады, бұл – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 550 мың адамға көп. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 9 млн адамға жетеді деп болжанып отыр. Сонымен қатар орналастыру орындарында қызмет көрсетілетін шетелдік туристер санының айтарлықтай өсуі тіркелді. 2023 жылдың алғашқы 9 айында бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе өсіп (2022 ж. – 609 мың), 830 мыңнан аса адамға жетті. Есептік кезеңде қонақ үйлер, демалыс базалары, жатақханалар және басқа да орналастыру орындары 175 млрд теңгеден астам табыс тапты. Бұл алдыңғы жылдың ұқсас кезеңіндегі табыстармен салыстырғанда 36%-ға ұлғайған», — деді Ермек Маржықпаев.