• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Отандық өнім: ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар сынақтан өтті ме?

Отандық өндірушілер ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды қысқа мерзімде жасап шығарған.

06.02.2024
0
Отандық өнім: ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар сынақтан өтті ме?

Сурет ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен

328
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімінде қазақстандық кәсіпорындардың өкілдерімен Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін арнайы әзірленген ұшқышсыз ұшатын аппараттардың алғашқы сынағы өтті.

Бұл Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жүктеген отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталған ведомство қызметінің бір мысалы.

Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды дайындау туралы сұрауына елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің құрамына кіретін бірнеше қазақстандық компания бірден жауап берді.

Бұл құрылғылардың ұшу-техникалық талаптарға сәйкестігін бағалау үшін комиссия тағайындалды. Оның құрамына ҚР Қарулы күштері Бас штабы мен Әуе қорғанысы күштерінің Ұшқышсыз басқарылатын авиация жүйелерін дамыту және оларды қолдану департаментінің офицерлері кірді.

Барлық ұшу техникасы заманауи бейнебақылау құралдарымен, датчиктермен, қашықтық өлшегіштермен және тепловизорлармен жабдықталған. Сарапшылардың назарына әртүрлі ұшу аппараттары көрсетілді. Құрылғылар арнайы резеңке жолақтың керілуімен көкке катапульта арқылы ұшты, орнынан тікұшақ сияқты тігінен көтеріліп, әуеде ұшақ сияқты қалықтады.

– Отандық өндірушілер ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды қысқа мерзімде жасады. Олардың жұмысының нәтижесін көрнекі түрде көріп, бағалай алдық. Әрине, әлі де пысықтайтын сұрақтар бар. Десек те, бастамасы жақсы, – деп атап өтті Қарулы күштер Бас штабы Ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерді дамыту және оларды қолдану департаментінің офицері полковник Ержан Жақашев.

Отандық өндіруші компаниялар әскерилердің барлық талаптары мен сұраныстарын ескеруге тырысты. Елімізде өндірілген ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды қару-жарақ құрамына қабылдау бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге, оларды кейіннен күтіп ұстау және жаңғырту мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді.

– Біздің күндізгі және түнгі камералар өте тиімді, координаттарды анықтау функциясы, лазерлік қашықтық өлшегіш және оқ-дәрілерді тастау жүйесі де бар. Мұндай сипаттамалар артиллерияны нысанаға бағыттауға мүмкіндік береді. Бұны Қарулы күштердің мамандары жақсы бағалайды деп ойлаймын, – деді өндіруші өкіл Айбек Ахыш.

Сынақ аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері отандық ҰҰА әзірлеушілеріне ұсынылған құрылғылардың нұсқаларын пысықтау және толықтыру бойынша ұсыныстар берді.

Тегтер: дронҚР Қорғаныс министрлігі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты