Еркін форматта өткен кездесуде аға буынның өкілдері өздерінің ұсыныс-пікірлерін, орамды ойларын ортаға салып, аудандағы бірқатар мәселелердің шешу жолдарын сұрады.
Аймақ басшысы осы жылы өңірде атқарылатын ауқымды жұмыстар жөнінде қысқаша баяндап, ауылдарға газ және ауыз су тарту, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік нысандардың құрылыстары ауданның кешенді даму жоспары аясында кезең-кезеңімен жүзеге асатынын жеткізді. Сондай-ақ, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Облыс әкімі облыстың қоғамдық-әлеуметтік өмірінде аға буынның рөлі ерекше екенін атап өтіп, жастардың қалыптасуында олардың тәжірибесінің маңыздылығын баса айтты. Сондай-ақ, кездесуде жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.
Ербол Қарашөкеев аға буын өкілдері алдағы уақытта да өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса беретініне сенім білдіріп, олардың қоғамды қайырымдылыққа, бірлікке үндейтін бастамалары үшін ризашылығын білдірді.