Аймақ басшысы оқу ордасындағы оқушылармен әңгімелесіп, жағдайларына көңіл бөлді. Сондай-ақ, асхана, оқу кабинеттері, мектеп музейін аралап көрді.
Ербол Қарашөкеев мектеп басшылығына балаларға сапалы білім, жақсы тәрбие беру – негізгі міндет екенін баса айтты.
Айта кетейік, 1971 жылы пайдалануға берілген мектептің ғимараты бүгінде күрделі жөндеуді қажет етеді. Ол үшін жобалық сметалық құжаттамалары әзірленген.
Аймақ басшысы жауаптыларға жөндеу жұмыстарын уақыт созбай бастау, құрылыс барысын бақылауда ұстау бойынша нақты міндеттер жүктеді.