Бұл уақытта олардың облыс орталығындағы әріптестері де күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Олар өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындай отырып, жалғызбасты ардагерлер, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар туралы ұмытпайды. Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты олар бірқатар мәселелерге тап болуда. Осындай минуттарда тәртіп сақшылары әрқашан көмекке келуге дайын. Ешкімді қиындыққа қалдырмау – бұл олардың принципі.
Оның жарқын мысалы ретінде бүгінгі қайырымдылық шарасын айтуға болады. Облыс ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 82 жастағы «Алтын алқа» иесі Рауза Қанибетованың үйіне барды. Полицейлер ауланың қарын тазалап, көмір тасып, отын жарып, бірнеше күнге азық-түлік сатып алып берді. Қария оларға алғысын білдіре отырып, батасын беріп, қиын қызметтеріне табыс тіледі.