• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қала жаңалықтары

Жол сапасы қала әкімінің қатаң бақылауында

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар нысандарды аралады. Қала әкімі әуелі Жібек жолы көшесіне ат басын бұрып, жол жөндеу жұмыстарымен танысты.

31.10.2023
0
Жол сапасы қала әкімінің қатаң бақылауында
129
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Биыл мұнда Жібек жолы көшесінен Аққозиев көшесіне дейін және Балуан шолақ көшесінің бөліктерінде жол жөндеу жұмыстары жүруі керек еді.

Алайда, мердігер тиісті талаптарды орындамағандықтан келісім-шарт бұзылды. Қазіргі таңда екінші жеңімпаз «B grass» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, жұмыстар жүруде. Ұзындығы 1 шақырым 49 метрді құрайтын жол құрылысымен жіті танысқан қала әкімі ең әуелі сапаға көңіл бөлу керектігін қадап айтты.

Келесі кезекте шаһар басшысы «Солнечный» алқабындағы жол құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Қазіргі таңда алқапта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұдан кейін қала әкімі «Тектұрмас» этнотарихи кешеніне аялдап, ондағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Бүгінде аталған кешеннің аумағына 3 554 ағаш көшеті отырғызылуда.

– «Тектұрмас» кешені қаланың сан жылдық тарихынан сыр шертетін шаһардың символына айналды. Мұнда шаһар тұрғындарынан бөлек, өзге өңірлерден де келетін қонақтың қарасы мол. Сол себепті, кешенді жасыл желекке бөлеу – өте құптарлық шешім. Алайда, оны уақытылы күтіп-баптауды да ұмытпауымыз керек. Әсіресе, тал көшеттерін дер кезінде суарып тұруға баса мән берген жөн. Оның үстіне кешен биікте орналасқандықтан, жел жиі соғады әрі екпіні қатты. Сондықтан, көшеттердің желге шыдас бермей сынып кетуі қаупі де жоқ емес. Осы жағын да мұқият ескеру керек, – деген қала әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

«Кирпичный» алқабының Байқоразов көшесіндегі жол құрылысы да қала әкімінің назарынан тыс қалмады.

Аталған көшеде жол жөндеу жұмыстары таяуда ғана аяқталған. Алайда, сапасы мүлде сын көтермейді. Осыған баса мән берген шаһар басшысы құрылыс мердігерін заң аясында жауапқа тарту керектігін қатаң ескертті.

Тегтер: бақытжан орынбековжол жөндеу жұмыстарыТараз қаласыТектұрмас

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты