• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселесі бойынша кеңес өтті.

28.10.2023
0
Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды
91
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өткен болатын. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керекпіз.

Аймақ басшысы өз сөзінде осыған айрықша назар аудартып, мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу бағытында түрлі жобалық тәсілдер енгізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі тәуелсіз зерттеулер нәтижесі бойынша Жамбыл өңірінің жемқорлық көрсеткіші жақсы еместігіне көңіл бөліп, алдын алу, тәуекелдерін жою жұмыстарын күшейту керектігін баса айтты.

Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан  Байболат баяндама жасап, жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жұмыстарының ағымдағы жылдың 9 айындағы қорытындысы туралы тоқталды.

Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу шаралары 4 бағытта іске асырылады десек, бұл бағыттар бойынша 13 тапсырма, 36 қосалқы тапсырма қарастырылған. Баяндамашы осы тапсырмаларды орындауда сылбырлық танытып отырған бірқатар басқармалар мен аудандарды атады.

Сондай-ақ, жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бастығының бірінші орынбасары Дәурен Омаров сөз алып, жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген талдау нәтижелері туралы хабарлады.

Ербол Қарашөкеев Президенттің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының облыста іске асырылу барысын сұрады.

Аймақ басшысы кемшіліктерге жол беріп отырған аудандар мен басқарма басшыларынан жауаптар алды.

Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алаңдаушылық туғызып отырғанына айрықша тоқталған облыс әкімі барлық бағытта ашықтықты қамтамасыз ету керектігін баса айтты.

— Есеп бергенде бәрі жақсы. Алайда, шынайы жағдай ойландырмай қоймайды. Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстардың нәтижелері көңіл көншітпейді. Бұл ретте алдын алу, тәуекелдерін жою бойынша бірлескен нақты шараларды күшейту маңызды,-деген Ербол Қарашөкеев жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеп, кемшілікке жол берген басшыларды жауапкершілікке тарту шараларын қарастыруды тапсырды.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

11.05.2025
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский