• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ербол Қарашөкеев БАҚ өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистердің мәселелерін тыңдады.

28.09.2023
0
Ербол Қарашөкеев БАҚ өкілдерімен кездесті
94
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов жүргізген жиын барысында Ербол Шырақпайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы сәтті жүзеге асып жатқанына тоқталды. Әуелі аймақ басшысы журналистерге қашанда ашық екенін жеткізіп, облыстың жетістіктерінің бәрінде журналистердің де үлесі бар екенін атап өтті.

–Жалпы, мен қашанда журналистер қауымына ашықпын. Билік пен халық арасын жалғап жүрген тілшілердің айтқан сыны шын болса, нәтиже шығаруға тырысамыз. Шын мәнінде, қазіргі таңда сіздер көтерген мәселелерді билік өкілдері назарға алып, тиісті шаралар қабылдауға дағдыланып келеді. Бұл Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға да зор пайдасын тигізіп отыр. Әрине, өңірімізде бірқатар мәселелер бар. Десе де, атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Тек соны халыққа мобильді және шынайы жеткізу қажет. Біз сыннан қашпаймыз. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Ең бастысы, жарияланған әрбір материал қоғамда арандатушылық тудырмауы тиіс, – деді Ербол Қарашөкеев.

Бұдан кейін, бірқатар белгілі басылымдардың басшылары өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Әуелі «Aulieata-media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Оралхан Дәуіт Президент Жолдауында айтылған креативті медиа-индустрия саласы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ғана дамып жатқанын атап өтіп, келер жылы журналистер арасында кең көлемде форум өткізілсе деген ұсынысын білдірді.

Ал, «Қарахан» журналының бас редакторы Сатыбалды Досымбеков пен республикалық-аймақтық «Салық тәртібі» газетінің бас редакторы Ғалым Қасабай баспасөзге жазылу күн өткен сайын қиындай түскенін алға тартты.

Өз кезегінде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ұтымды ұсынысты қолдайтынын айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, облыс әкімі жақын күндері «Jambyl TV» телеарнасынан әр ай сайын кем дегенде 1-2 рет тікелей эфирге арнайы қатысатынын атап өтті.
Аймақ басшысы эфир барысында қоғам белсенділерімен және сыни мақала жазатын журналистер қауымымен тілдесуге болатынын да жеткізді.

Тегтер: БАҚЕрбол Қарашөкеевжурналистермен жүздесу

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты