• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАШӨКЕЕВ ДЕПУТАТТАРҒА ҚАНДАЙ УӘДЕ БЕРДІ?

Бүгін Мемлекет басшысының ұсынысымен, Жамбыл облысы мәслихат депутаттарының көпшілік дауысымен Жамбыл облысы әкімі болып Ербол Қарашөкеев сайланды

turan_admin turan_admin
05.09.2023, 15:01
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары
ҚАРАШӨКЕЕВ ДЕПУТАТТАРҒА ҚАНДАЙ УӘДЕ БЕРДІ?
894
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Жамбыл облысы мен Тараз қаласының, аудандық мәслихат депутаттарының бірлескен жиналысы өтті. Жиналысқа 208 депутаттың 189-ы қатысып, түрлі себептермен 19 депутат жиында төбе көрсеткен жоқ.

Жиналыс тәртібі бойынша санақ комиссиясы құрылып, оған 5 адам кірді. Санақ комиссиясынан кейін жұмысына кіріскеннен кейін ҚР Үкімет басшысы Алихан Смайлов Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың екі кандидатты ұсынған ұсыныс хатын оқыды.

Ұсыныс хатта Талас ауданының қазіргі әкімі Нұрбол Жүнісбеков пен Ербол Қарашөкеевтің есімдері аталып, таныстырылды. Таныстырудан кейін әрбір кандидатқа 5 минутқа дейін даму жоспарын, бағдарламасын ұсынуға мүмкіндік берілді.

Бірінші болып Ербол Қарашөкеев сөз алып, бағдарламасында жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту, халықтың тұрмыс деңгейін жоғарылатуға арналған “Ауыл аманаты” жобасын жүйелі жалғастыру, егінді суару үшін ағынды су мәселесін шешу, пиязды тамшылатып суаруға көшіру, бақылаусыз су беруді тоқтату, жерасты су қорларын пайдалану, “Тасөткел” су қоймасының құрылысын тезірек аяқтау, ауылды дамыту, осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, туризмді дамыту, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидасын орындау сынды бағыттарды жолға қоюға уәде беріп, сөзін қорытындылады.

Екінші кандидат Нұрбол Жүнісбеков өз бағдарламасында өңдеу өнеркәсібін дамыту, шаруаларға техника жаңарту, секілді мәселелерге тоқталды.

Айта кететін жайт, мәслихаттардың бірлескен жиналысына ешқандай журналист қатыспады.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 47 депутат Н. Жүнісбековтің кандидатурасын қолдап, 142 депутат Е. Қарашөкеевке дауыс берді. Дауыс беруге барлығы 189 депутат қатысты.

Облыс активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Әлихан Смайылов қазіргі уақытта өңірдің құрылыс, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында оң динамика байқалып отырғанын атап өтті.

«Облыста шағын және орта бизнеспен бірге ірі инвестициялық жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. Бірнеше ірі әлеуметтік нысан салынып, пайдалануға берілуде», — деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-Министр Үкімет өңірлерде азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастырып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, әкімдіктерге салықтарды пайдалану тұрғысынан қосымша өкілеттіктер берілетін болады.

«Бюджетті басқару процесі бұдан да икемді болмақ. Тиісті өзгерістер жаңа Бюджет кодексінің жобасында қарастырылған», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы өңірдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі халық пен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету екенін атап өтті. Осыған байланысты ирригациялық желілерді салу, су шаруашылығы нысандарын күрделі жөндеу және жаңа суармалы жерлерді іске қосу жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын белсенді түрде енгізу талап етіледі.

Сондай-ақ Премьер-Министр Үкімет Жас өркендегі гидроқұралды жаңғыртуға қажетті қаражат бөлгенін еске салды.

«Келесі жылы 3 ірі су қоймасын салуға бюджетте тиісті қаражатты көздедік. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен шағын су қоймаларын салу керек. Аралық кезеңде суды жинауымыз керек», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Тағы бір маңызды бағыт – тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету. Бұған қазіргі нақты жағдайды ескере отырып қабылданған Халықтың табысын арттыру бағдарламасы айтарлықтай ықпал етеді.

Сонымен қатар өңірде өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеген «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Әлихан Смайылов атап өткендей, өңір экономикасын әрі қарай әртараптандыру өте маңызды. Мәселен, жаңа ірі инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу керек.

Ол облыстың химия өнеркәсібінің әлеуеті зор екенін, сондықтан ірі химиялық кешен мен «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету керектігін айтты.

Сонымен қатар Үкімет басшысы агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімді қайта өңдеу үлесін арттырудың, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының сүт-тауарлы фермаларды іске қосу тәжірибесін пайдалану арқылы, сондай-ақ автожолдарды салу және күрделі жөндеу арқылы көлік-логистикалық әлеуетті жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысты Әлихан Смайылов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында 6,5 мың балаға арналған жаңа форматтағы 7 білім беру мекемесін салу жоспарланғанын еске салды. Бұл оқушы орындарының тапшылығын, үш ауысыммен оқытуды және тозығы жеткен мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

«Облыстың жаңа әкімі мен барлық жергілікті атқарушы орган өкілдеріне Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындауда табыс тілеймін», — деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.

Исламбек Дастан

Тегтер: АЛИХАН АСХАНҰЛЫАЛИХАН СМАЙЛОВЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.