• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Жамбыл облысында арпа-бидай еккен шаруалардың жағдайы тым ауыр

Биыл Жамбыл облысында қуаңшылық орын алып, шаруалардың жағдайы мәз болмай отыр. Бірнеше күннен бері аудандарды аралай жүріп жағдайға өз көзімізбен куә болдық.

26.08.2023
1
Жамбыл облысында арпа-бидай еккен шаруалардың жағдайы тым ауыр
565
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жүгері, қылша еккен шаруалар үлкен шығынға батқан. Олар биылғы қуаңшылық салдарынан болған шығындарын үкіметтің көмегі арқылы өтеп алудан үмітті. Мұны билік пен жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудан әкімдері растап отыр. Алайда арпа мен бидай мәселесі тым күрделі. Өйткені  ең боласа малға жем болсын деп соқаға ілінер-ілінбес жағдайда орып алып жатқан жағдайлар бар. Бұл тұрғыда біз осы салаға жауапты басқарма ретінде Жамбыл облысында орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты шаруалардың күрделі мәселесі бойынша облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Шәкір Момынқұловқа бірнеше сауалмен қайырылған болатынбыз.

Оның айтуынша бүгінгі таңда өңірде алты ауданда төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай суармалы алқапта орналасқан ауыл шаруашылықтарға жарияланып отыр. Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес алты ауданда комиссия құрылған. Комиссия қазіргі таңда қызу жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен алқаптарды нақтылап, зерделеуде.

Шаруалар үшін биылғы жылдың ауа-райы өте қолайсыз болып отыр. Көрші Қырғызстаннан алынатын су көлемі де тым аз. Басқа да су қоймаларынан су алу тоқтады. Талас өзенінен келіп жатқан су көлемі зерделенген егін алқаптарының ішінде аман алып қалуға мүмкіндігі молырақ алқаптарға жіберілуде. Ал кейбір алқаптарға бұл су жетпейді. Бұл мәселе шаруаларға түсіндіріп айтылды. Мемлекет тарапынан қолдау болатыны да хабарланды. Түсіндірме жұмыстары толық жүргізіліп жатыр.

Шәкір Момынқұловтың баяндауынша құрғақшылықтан ең қатты зардап шегіп отырған  масақты дәнді-дақылдар.  Оларға негізінен арпа мен бидай жатады. Барлығы  378 000 га аумақта орналасқан. Бүгінгі таңда осы көлемнің 98 пайызы ауа райының қолайсыздығына байланысты ерте орылып отыр. Жылда егін егу науқаны шілде айында басталса, биыл маусым айының 20-нан бастауға тура келді. Он күнге ерте басталды. Біраз ауданда әлі де орылмай қалған алқаптар бар. Мәселен, Тұрар Рысқұлов ауданында 5000 га аумақ арпа-бидай орылмай отыр. Бұл мәселеге облыс әкімінің тапсырмасы бойынша комиссия тағайындалып, жұмыс атқаруда.  Зардап шеккен алқаптар нақтыланады. Ауыл шаруашылығы басқармасына жұмыс нәтижесі бойынша ақпарат ұсынылады. Сол бойынша шығын көлемі анықталады.

Қазіргі таңда алты аудан бойынша су тапшылығынан зардап шеккен 8000 га-дан астам алқап анықталды. Оның ішінде 2300 га-дан астам  қант қызылшасы, тамшылатып суғару тәсілімен өсетін жүгері дәндерінің алқаптары қатты зардап шегіп отыр. Әсіресе Қордай ауданынан 2235 га жүгері алқабы қурап қалды. Пияз бойынша да салыстырмалы түрде былтырға қарағанда 35 пайызға аз өнім алдық, — дейді Шәкір Момынқұлов.

Мұнымен қоса биыл жоңышқаның көлемі де төрт есе азайған. Ол көп жылдық шөпке жатады. Биыл көп зардап шеккен бірінші жыл егілген жоңышқа екен. Себебі оның тамыры өте әлсіз болады. Өніп кетуіне су керек. Көлемінің азаюына басты себеп осы. Жоңышқа бойынша берілген ақпаратқа сүйенсек, 2050 га-дан астам алқап күйіп кеткен. Бұл бағыт бойынша әлі де зерделеу жұмыстары жүріп жатыр.

Шәкір Момынқұловтың сөзінше Қордай ауданында «Самғау» шаруашылығы Испаниядан жоғары сұрыпты, сапалы күнбағыс дақылдарын арнайы әкеліп, жаңа технология бойынша еккен. Қуаңшылықтан 130 га күйіп кетіпті. Әр гектарына 750 мың теңгеге жаңа тұқым алыныпты. Шаруалар үшін бұл тым үлкен шығын. Одан бөлек 440 гектар бақша өнімдері солып қалған.

Биыл алма да аз. Әрине оның тамыры тереңде болғандықтан суға қатты мұқтаж емес. Алайда сәуір айында жүрген үсіктен біршама өнім үсіп қалды. Нәтижесінде алма да жоспардан азырақ өнім беріп отыр, — дейді Шәкір Мадиярбекұлы.

Қуаңшылық салдарынан сан соғып отырған шаруалардың жағдайы біздің редакциямыздың басты назарында.  

TURANINFO.KZ

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzарпа-бидайауыл шаруашылығыЖамбыл облысықуаңшылықТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Байзақ ауданында өткен ашық біріншілікте спортшыларымыз топ жарды

Байзақ ауданында өткен ашық біріншілікте спортшыларымыз топ жарды

22.05.2025
Отан қорғаушылар күніне орай «Бес қару» атты әскери-патриоттық сайыс өтті

Отан қорғаушылар күніне орай «Бес қару» атты әскери-патриоттық сайыс өтті

22.05.2025
Кикбоксингтен Қазақстан чемпионатында жарқын жеңіс!

Кикбоксингтен Қазақстан чемпионатында жарқын жеңіс!

22.05.2025
Азия чемпионатында Қазақстан 12 алтын медаль жеңіп алды

Азия чемпионатында Қазақстан 12 алтын медаль жеңіп алды

22.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Қазақстанда алдағы уақытта күн суытады

22.05.2025
Елімізде жол сапасына қатысты 20 мыңнан аса шағым түскен

Астанада орталық саябақтағы жол уақытша жабылуда

22.05.2025
Жамбылдық өрендер ұлттық жарыстың финалисі атанды

Жамбылдық өрендер ұлттық жарыстың финалисі атанды

21.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты