Осы факті бойынша прокуратура «ҚТЖ-Жүктасымалы» ЖШС атына заңдылықты бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыну енгізді.
Мұндай жағдайды түзетудің және оларға жол бермеудің орнына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының м.а. М.К.Көкрекбаев «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 36-бабының талаптарына сәйкес келмейтін хатпен жауап беру туралы шешім қабылдады.
Атап айтқанда, М.К.Көкрекбаев прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қабылдаған жоқ: локомотивтің жиыны«оқиға» ретінде сараланбаған, жылжымалы құрамның арнайы сигналдарының іске қосылуының 3 жағдайы (темір жолға құлау, жылжымалы құрамның бөлшектерін тарту) қозғалыс қауіпсіздігінбұзу ретінде есепке алынбаған және «оқиға» ретіндесараланбаған.
Бұл көлік прокурорының ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісқозғауына негіз болды (Прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қолданбау).
Нәтижесінде сот М.К.Көкрекбаевты жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл салды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Коллаж: Ulysmedia.kz