Кейбір жағдайларда дәрігер-хирургтардың қызметі шұғыл көмек көрсетуде әрдайым өте үлкен қиындықтарға тап болумен байланысты.
Заманауи технологиялармен, білікті дәрігерлермен және соңғы талаптарға сай жабдықталған жан сақтау бөлімдері болса да, жүрек тұсынан қатты және терең жараланған науқасты құтқару, кейде өте қиынға соғады.
Кеуде қуысының пышақ жарақаты бар 23 жастағы ер адам Сарысу орталық аудандық ауруханасына шұғыл түрде өте ауыр жағдайда, ес-түссіз, үлкен қан жоғалтумен түскен. Бұл сәтте оның қан айналымы да байқалмай, өмір тіршілігі тоқтай бастаған болатын. Дәрігерлер одан қарқынды қан кетумен пышақ жарақатын анықтаған. Пышақ сыртқы қабыққа, жүректің сол жақ қарыншасына, сондай-ақ сол жақ өкпенің тамырына тиіпті.
Бірнеше минут ішінде науқас операциялық үстелге алынды. Ота 1 сағат 20 минутқа созылып, оның барысында торакотомия жасалды, яғни жүректің сол жақ қарыншасының жарасына қолжеткізуге және тігуге мүмкіндік беретін кеуде қуысының ашылуы жасалды. Мұндай жарақаттың күрделілігі: жараны тігу — жүрек соғуын тоқтатпай жасау.
Ұзаққа созылған күрделі хирургиялық араласудан соң, дәрігерлер қан кету қаупін жойып, гемодинамика қалпына келеді. Хирургтер Қайрат Әжібеков, Ержан Досалиев және анестезиолог-реаниматолог дәрігер Дәурен Әбдіров жасаған операция сәтті өтті. Бүгінде пациенттің жағдайы жақсарып, жағдайы тұрақталып, өміріне төнген қауіп сейілді.
— Ол «жейдеде» дүниеге келген, — дейді аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Қайрат Әжібеков.
— Көбінесе жүрек пен өкпенің мұндай жарақаттары өліммен аяқталады.
Қиындықты еңсеру — оларды орындау жылдамдығын жасаған хирургтар тобының, анестезиолог- реаниматологтардың, операциялық медбикелердің тез және үйлесімді жұмысында болды. Бұл жағдайда пациенттің тірі қалуы — уақтылы хирургиялық араласуда ғана.
Бұл — түнгі сағат 2.30-да болған жағдай. Науқастың ауруханаға тез жеткізілуі — оның өмірін сақтап қалды. Ол нөлдік қысымды жарақаттан кейін шамамен 5-7 минуттан кейін, ес-түссіз, қабылдау бөлмесіне жеткізілді. Осы уақыт ішінде ол қанының жартысынан көбін жоғалтқан. Менің хирургиядағы 36 жылдық тәжірибемде мұндай бірнеше жағдай болды. Біздің міндетіміз — пациентке көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалу,- деп бөлісті өз ойымен Қ. Әжібеков.
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі