• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

“Мектепке жол” акциясы басталады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігің білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Досыбаева мәлімдеді

28.07.2023
0
“Мектепке жол” акциясы басталады
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін жыл сайын жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады.

Бүгінгі баспасөз-конференциясын өткізу мақсатымыз — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа акцияның мақсаты туралы ақпарат беру және осы акцияға белсенді қатысуға шақыру,- деді басқарма басшысы

Биыл аталған дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2023 жылғы 1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса!» ұранымен өткізіледі.

Акцияны өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыстық, аудандық, қалалық ұйымдастыру комитеттері құрылды.

Акцияны өткізуге ат салысуға аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хаттар жолданды.

Өткен жылы осы акцияның аясында демеушілер есебінен 7 656 балаға 108 млн. 308 мың теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, қажетті құрал-жабдықтар мен киімдер үлестірілген болатын.

Айдын Орынбекқызының сөзінше

2023 жылғы шілде айының 21-23 күндері Сарысу ауданы Жаңатас қаласының Орталық базарында мектеп жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде мектеке қажетті құрал- жабдықтар және т.б тауарлар нарық бағасынан 10-15% төмен бағада сатылды.

Тараз қаласында 29 шілдеде «Grand Bazar» сауда орталығының алаңында мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, барлық аудандарда 5-26 тамыз аралығында мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, 2023 жылы «Мектепке жол» акциясы аясында жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан 48 671 балаға 40 567 теңгеден 1 млрд. 974 млн. 436 мың теңге қаржы қарастырылып отыр. Бүгінгі күні Тараз қаласында ата-аналардың жеке шоттарына қаржы жіберілуде. Аудандарда ағымдағы жылғы 10 тамызға дейін ата-аналардың жеке шоттарына қаржы аударылатын болады.

Білім басқармасында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін ата-аналардың өтініштері бойынша «жедел желі» телефондары жұмыс істейді. Яғни, сауалдарыңыз немесе өтініштеріңіз болса 43-88-32, 43-88-25 нөмерлеріне хабарласа аласыздар.

Осындай «жедел желі» телефондары барлық білім бөлімдерінде де қызмет ететін болады.

«Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімдері, кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, тұрғындар атсалыса алады. Сонымен қатар, акцияға қатысуға ниет білдірген барлық азаматтар білім бөлімдеріне хабарласып, көмекке мұқтаж балалардың тізімін ала алатындығын хабарлаймыз,- деп қорытындылады Айдын Досыбаева.

Тегтер: БІЛІМ САЛАСЫжедел желіМектепке жол

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты