Бұл туралы Жамбыл облыстық өңірлік өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Әкетаев баяндады.
Баяндамашының мәліметінше 2023 жылдыңа алғашқы жартыжылдығында соттарға жанұя-неке даулары бойынша 2432 талап қою түссе, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы уақытында 2683 болған. Оның ішінде биылға жылы 1871 азаматтық іс қозғалса, былтырғы жылы 2040 іс қозғалған. Яғни, былтырғымен салыстырғанда 169 іске кем болған. Неке бұзу туралы істердің саны азайған.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында 1344 неке бұзу туралы іс қаралса, былтырғы жылы 1452 іс қаралған, 108 іске кем. 870 іс бойынша (былтыр 921) шешім шығарылған, 131 (222)істің өндірісі қысқартылған (талаптан бас тарту – 12, бітімгершілік – 24, медиация – 95, қараусыз қалдыру – 317).
Бірінші сатыдағы сот төрағалары мен судьяларына неке бұзу туралы азаматтық істер бойынша медаиция мен бітім келісімдерін бекітуге болмайтынын, осы істер санаты бойынша біркелкі сот практикасын қалыптастыруды тапсырылған.
Медиация жасауға байланысты 1 178 (20,6%) азаматтық іс қысқартылған, бұл көрсеткіш 2022 жылы 866 (18,0%) болған. Бітім келісімі 120 (2,1% ), 2022 жылы 122 (2,5%). 4 партисипативтік келісім жасалынған.
Есепті кезеңде бірінші сатыдағы соттардың 3 медиациялық келісімдерді бекіту туралы ұйғарымының күші жойылған. Бітімгершілік рәсімдері тараптардың құқықтарына қандай-да бір нұқсан келтірілмейтіндей, келісім олардың өз еріктерімен жасалынуы тиіс. Бітімді бекіткенге дейін тараптарға міндетті түрде бітімді бекітудің салдарын ашып түсіндіру қажет. Бұл процессуалдық заң талаптарын қатаң сақтамаған жағдайда сот ұйғарымының күші жойылуға жатады.