«Г.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сотқа «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесіне, Меркі ауданы әкіміне және басқаларына әрекеттерін заңсыз деп тану және әкімнің қаулысының күшін жою туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 10 мамыр 2023 жылғы ұйғарымымен жауапкерлерге 2023 жылдың 22 мамырына дейін талап қоюға пікірін және жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының уәжді ұстанымын сотқа ұсыну тапсырылған.
Алайда жауапкер Меркі ауданының әкімі соттың аталған тапсырмасын уақытында орындамаған, сонымен қатар 2023 жылдың 6 маусымына тағайындалған алдын-ала сот отырысына себепсіз қатыспаған.
Осыған орай, соттың 08 маусым 2023 жылғы ұйғарымымен, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 127-бабының 4-бөлігіне сай, жауапкер Меркі ауданы әкіміне 20 айлық есептік көрсетікіш мөлшерінде, яғни 69 000 теңге ақашалай өндіру салынған.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 27 маусым 2023 жылғы ұйғарымымен, осы соттың 24 қыркүйек 2021 жылғы «A.» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің пайдасына шығарылған шешімін орындамауына байланысты, Тараз қаласы әкіміне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 241 500 теңге ақшалай өндіріп алу салынған.
ӘРПК-нің 127-бабының 5-бөлігіне сай, соттың шешімін, соттың тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін сот осы сот актісінде ол бір айдан аспайтын мерзім ішінде орындалуға жататын мерзімді көрсете отырып, жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады.
Жоғарыда көрсетілген ақашалай өндіру соммалары қазіргі таңда толығымен төленген.
Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Динара Нұрлыбаева хабарлады.
Ақшалай өндіріп алу
Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі нормаларында сот талаптарын орындамағаны немесе уақтылы орындамағаны үшін; дәлелді себептерсіз сотқа келмегені, сот отырысын созбалаңға салу, тараптардың іс жүргізу міндеттерін орындамағаны, сот шешімдерін немесе татуласу туралы келісімді бекіту туралы ұйғарымдарын орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген.
2023 жылдың 1-жартыжылдығында барлығы 1 345 500 теңгеге 11 ақшалай өндіріп алу қолданылды, оның ішінде 759 000 теңге сомасына 8 сот актісі орындалды.
Ақшалай өндіріп алулар кімге қатысты қолданылды:
— жеке сот орындаушыларының жауапкерлері-4 (ЖСО Т.Өскенбаев, А.Ережепов, С.Қазбеков; Н.Кылышбеков);
— Сарысу ауданының Игілік ауылдық округінің әкімі; Меркі ауданының әкімі; Тараз қаласының әкімі-3;
— мемлекеттік органдар: «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» КММ– 2; «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД», «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» — 4.
Барлық ақшалай өндіріп алулар орындалды.
Апелляциялық сот алқасымен жеке сот орындаушысына қатысты 69 000 теңге сомасына бір ақшалай өндіріп алу салынды.