Шу қаласының әкімі Елдос Нұралиев балалардың суға ағып қайтыс болып жатқандығы және рұқсат етілмеген орындарға шомылмауға шақырды.
Шу қаласының тұрғындары, құрметті ата аналар! Сіздерге шұғыл хабарлама жасағымыз келіп тұр. Өте өкінішті жағдай бүгін қаламыздың тұрғыны, 17 жастағы жасөсіпірім, өздеріңізі көріп тұрғандай каналға шомылып ағып кетіп отыр. Жедел іздестіру нәтижесінде денесі табылды. Әрине орны толмас қаза. Өте қайғылы жағдай. Қаламызда, аудан көлемінде шомылу маусымында жиілеп кетті. Негізгі себебі ата аналардың балаларының тиімсіз орындарында шомылып жатқанынан бейхабар болулары. Сондықтан тиімсіз салынған орындарда шомылмай, балаларға қарауларыңызды сұраймын. Әрине, күн ыстық оны білеміз. Бірақ, адам өмірі одан да маңыздырақ» деді Елдос Бекболатұлы.
Өкініштісі, қараусыз қалған тағы бір бала ажал құшты.