Айнур Каликова 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2008 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2006 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің клиникасында перзентхана нәрестелер бөлімшесінің мейіргері қызметінен бастады ;
2009-2011 жылдары Сарысу аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің неонатолог дәрігері;
2011-2014 жылдары Сарысу аудандық орталық ауруханасының Түркістан дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірбиелік дәрігері;
2014-2015 жылдары Сарысу аудандық орталық ауруханасының Перзентхана бөлімшесінің неонатолог дәрігері;
2015-2016 жылдары Емхана бөлімінің аудандық педиатр дәрігері;
2016-2019 жылдары Сарысу аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің неонатолог дәрігері;
2019-2022 жылдары Емхана бөлімінің меңгерушісі;
2022-2023 жылдың 30 маусымы аралығында Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.