• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Депутаттары демалысқа кетті: алғашқы сессияда неше заң қабылданды?

Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Жиында небәрі 100 күнге созылған алғашқы сессияның жұмысына баға берілді.

30.06.2023
0
Депутаттары демалысқа кетті: алғашқы сессияда неше заң қабылданды?
151
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Спикердің сөзінше VIII шақырылымдағы алғашқы сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы, Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өткен. Онда 120-дан астам мәселе қаралған. Сондай-ақ Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болса, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заң күшіне енген,- деп жазады парламент мәжілісінің ресми сайты. 

– Қазіргі сайланымның басты ерекшелігі – көптеген маңызды заң жобасының депутаттардың бастамасымен әзірленуі. Оларға сайлаушылардың талап-тілегі, мұң-мұқтажы, Ел Президентінің тапсырмалары арқау болды, – деді Е.Қошанов.

Депутаттар бастамашы болған заң жобаларының ішінде – заңсыз алынған активтерді қайтару, сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері, Кәсіптік біліктілік туралы заңдар бар. Мұнымен қоса, Ерлан Қошановтың айтуынша, электр самокаттардың көп қолданылуы адамдардың қауіпсіздігіне әсер етіп отыр. Сондықтан олардың жүрісін реттеу жөніндегі түзетулер Парламентте қызу талқыланған. Осы орайда Мәжіліс төрағасы депутаттар қабылдаған заң жаяу жүргіншілердің де, самокат жүргізушілерінің де қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін айтты. Сонымен қатар Палата төрағасы бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағын зерттеу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көптен шешімін таппай келе жатқан түйткілді жайттың бірі екеніне назар аударды. Бүгінде бұл мәселе заңнамалық деңгейде шешімін тапты.

Бұдан бөлек жиын барысында Парламентке келетін түрлі мемлекеттік орган басшыларының жолданған сауалдарға берген жауаптарының сапасы төмен екені айтылды. Сонымен қатар келесі сессия барысында ұлттық қордан бөлінетін төлемдер мәселесі жөніндегі заң жобасы бойынша жұмыстар жалғасатыны да сөз болды.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzалғашқы сессияЕрлан Қошановпарламент мәжілісісегізінші шақырылым

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты