• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ескі мен Жаңа Қазақстанның кризис менеджері

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ БЕРДІБЕК МӘШБЕКҰЛЫ САПАРБАЕВ

12.06.2023
0
Белгілі мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев өмірден озды
635
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Сенбі күннің таңында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев дүниеден өтті деген суық хабар тарады. Сенбедім, жақындарына хабарласып, білгеннен кейін ғана ар мен ұятты жоғары қоятын азаматты бұдай былай ортамыздан көре алмайтыныма мойынсынуға тура келді. Бұл естелік жазба. 

Бердібек Сапарбаев Қордай оқиғасынан кейін Үкіметтік комиссияны басқарып, артынан өңірге әкім болып қалды. Бұл оның басқарған бесінші облысы болды. Осы облыстың аумағында, нақтыласақ, Меркі ауданының маңындағы жолда  2002 жылы ұлы Бауыржан жол көлік апатынан қаза тапқан болатын. Оқиға орын алған жол бойында белгі орнатылған. Бердібек Мәшбекұлының белгіге барып құран оқытқанын өз көзіммен көргенмін.

Облыста кадрлық ауыс түйістер жасады. Бірақ өзімен бірге «вагон вагон” кадр әкелген жоқ. Жамбылға Ержан Жылқыбаев, Қанат Құлшыманов, Әсет Қалиев, Ғани Майлыбаев, Алмас Садубаев келді. Жастарға сенім артты. Президенттік кадрлық резервпен Дәулет Кәрібек пен Расул Медетов қызмет істеді. Тек өзінің қоластындағы басшыларды ғана емес, құқық қорғау органдарының бірінші басшыларын таңдап алуға мүмкіндігі болған басшы еді. Мұндайға беделі жеткен әкім еді. Айта кететін болсам,  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып Марат Ирменов, прокурор болып Нұрғалым Әбдіров, полиция бастығы Жанат Сүлейменов тағайындалды. 

Әбдіров пен Ирменов
Әбдіров пен Ирменов

Журналистерге қатысты қылмыстық істі тоқтатты. 2021 жылы Байзақ ауданы Қайнар елдімекенінің маңындағы қару жарақ қоймасынан шыққан өрттен кейін жамбылдық екі журналиске қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Барлық мән жайды көріп, зерттеп шыққан Бердібек Мәшбекұлы құқық қорғау органдарының басшыларына: “Мыналарың ұят қой, журналистерге қиянат қой. Қылмыстық істі қысқартыңдар” деген желсөз жеткен болатын. Бұл әңгімені жабық есік өткен жиынға қатысқан мемлекеттік қызметші айтып берген болатын. Журналисттерден қашпайтын, сұрақтарын алдын ала сұратпайтын басшы еді. 

Жамбыл жерінде Сапарбаевтың бастамасымен “Асар”, “Жомарт түлек” мен “Таразға тарту” жобалары жүзеге асырылды. Асқар Мырзахметовтың бастамасымен басталған “Халық табысын арттыруға бағытталған 2,5% пилоттық жоба” жалғасын тапты. Қандай із қалдырды десек, онда “Анаға тағзым” орталығы, мүгедектерге арналған “Асар” орталығы, “Оқушылар сарайын” айта аламыз. Үш ғимарат та мемлекеттің қаражатынан емес, демеушілердің көмегімен тұрғызылды. Ал, елдегі ең қиын қыстау кезеңде, пандемияда өзіміздің отандық вакцинаны шығарумен қатар, “ОтарБиоФарм” зауытын салдыруға Үкіметтен қаражат бөлгізді. Құрылыс аяқталып, қызметкерлерге жатақхана салып берді. 

Кеше қайраткер тұлғаның жамбасы Кеңсай-2 зиратына тиді. Қасында Бауыржан баласы жатыр. Жаназа намазына Үкімет басшысынан бастап қоғам қайраткерлері, жер жерден жақсылығы мен жылы сөзін естіген жандар келді.  Кеңсайға жаяу келіп, маңдайларынан тер ыршып тұрса да бір уыс топырағын салып кетейінші дегендердің қарасы өте көп болды. Көпшілік қимай қоштасты.

Біздің жадымыздағы Бердібек Мәшбекұлының бейнесі осылай сақталды…

Бақұл болыңыз, КӨКЕ!

Тегтер: Бердібек СапарбаевБМ

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты