Қордай аудандық прокуратурасы көші-қон заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде халықтың азаматтық алу және азаматтығы жоқ адам ретінде құжаттарын тіркеу кезінде туындаған мәселелері анықталды. Бұл туралы Қордай аудандық прокуратурасы мәлімдейді.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде көші-қон қызметі бөліміне 86 адам жүгінген. Оның ішінде басқа мемлекеттердің 43 адамы ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсырған. Сонымен қатар 43 адам азаматтығы жоқ адам ретінде өтініш берген.
Осыған байланысты, аудан прокуратурасы көші-қон қызметіне қажетті құжаттарды жинау жөнінде нұсқау берді. Құқықтық көмек көрсету мақсатында Алматы қаласындағы Қырғыз Республикасының консулдығынан құжаттарды алу жөнінде тапсырма жолдады.
Аудан прокуратурасының үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде 86 адамның азаматтық алу бойынша мәселелері оң шешімін тапты.
Осылайша 86 азаматтың құқықтары қорғалды.