• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысында 18 спорт кешені салынуда

11.04.2023
0
Жамбыл облысында 18 спорт кешені салынуда
211
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында 18 спорт кешенінің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 12 спорт кешені қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Ал қалған 6 спорт кешені 2024 жылға өтпелі. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрғалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов баяндама жасап, салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, облыс спортшылары ағымдағы жылдың үш айының қорытындысы бойынша түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда 396 медальға ие болған. Оның 141-і алтын болса, 126-сы күміс, 129-ы қола.

Облыстағы 129 елді мекенде заманауи спорт алаңшалары жоқ. Оның ішінде, 58 елді мекенде мүлдем спорт алаңшалары салынбаған.

Жамбыл облысының барлық елді мекендеріне жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде, облыстағы 369 елді мекеннің 175 елді мекені спорт секцияларымен қамтылса, қалған 194 елді мекен спорт секцияларымен қамтамасыз етілмеген.

Аймақ басшысы, аталған мәселелерді шешуге қатысты жоспар бойынша қала, аудан әкімдерінен жауаптар алды.

— 129 елді мекенге заманауи спорт алаңшасы керек десек, 58 елді мекенде мүлде мұндай нысандар жоқ. Ең алдымен осы түйткілді шешуге баса назар аударып, күш салуға тиіспіз.

Балаларды барынша спорт үйірмелерімен қамту, спорт инспекторларының жұмысын күшейтуге ден қою, бұқаралық спортпен шұғылданатын облыс тұрғындарының көрсеткішін 50 пайызға жеткізу маңызды. Бұл ретте нақты нәтижеге жұмыс істеу керек.

Сондай-ақ, алдағы ауқымды жарыстарға, оның ішінде   2024 жылы Парижде өтетін келесі Олимпиада ойындарына тиісті деңгейде дайындалу қажет,-деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.

Басқосу барысында ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаевтың есебі де тыңдалды.

— Өткен жылға бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді.

Бекітілген жоспар бойынша эпизоотия және энзоотияға қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар өз деңгейінде орындалды. Бруцеллезге тексеру үшін қан сынамасын алу бойынша 5 млн. 117 мың манипуляция жүргізілді.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан 36 елді мекендегі 3,6 миллион шаршы метр аулалар мен қора жайлар, 138 мың шаршы метр буферлік аймақ және барлығы 432 мың бас ауыл шаруашылығы жануары залалсыздандырылды,-деген басқарма басшысы салада атқарлып жатқан өзге де жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

Облыс әкімі ешқандай олқылыққа жол бермес үшін, барлық сақтық шаралары сапалы әрі уақытылы орындалу керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар,  қаңғыбас жануарларды аулау тиісті ережеге сәйкес жүзеге асуының маңыздылығын атап өтті.

— Қаңғыбас иттерді аулауда барлық талаптар сақталуы тиіс. Бұл тұрғыдағы жұмыстар үшін бюджеттен қажетті қаражат қаралған.

Олардың қоғамға қауіптілігін ескерусіз қалдыруға болмайды. Сондықтан тұрғындар да ортақ жауапкершілікті түсініп, өздерінің үйдегі иттерін бақылауда ұстап, олардың ретсіз көбеюуіне, күшіктерін кез келген ортаға тастап кетіп, иесіз қалдыруға жол бермеуі маңызды.

Сонда ғана бүгінгі таңда өзекті болып отырған бұл мәселені шешуге, жабайы ит, мысықтардың қоғамға қауіптілігін азайтуға мүмкіндік туады,-дей келе Нұржан Нұржігітов осы орайда ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу керектігін жеткізді.

Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
Аида Балаева

Балаева #Анағақұрмет пост жазу эстафетасын бастады

10.05.2025
Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

10.05.2025
Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

10.05.2025
Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

10.05.2025
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты