• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 14:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Меркі ауданында Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

turan_admin turan_admin
16.03.2023, 21:17
Облыс жаңалықтары
Меркі ауданында Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда
176
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Жамбыл облысының барлық ауданында түрлі шаралар ұйымдастырылуда десек, меркіліктер мерекені биыл лайықты түрде атап өтуге айрықша көңіл бөлуде.

Аудандық Оқушылар «Үміт» сарайында аудандық білім бөлімінің  ұйымдастыруымен  Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, Әз-Наурыз, көрісейік ағайын» атты мерекелік іс-шара өтті. Оған көп жылдар бойы білім саласына еңбек етіп, саналы шәкірт тәрбиелеген ардагер ұстаздар шақырылып, құрмет көрсетілді. Көптен бері жүздеспеген ұстаздар Жаңа жыл қарсаңында көрісіп, хал-жағдайларын сұрасып, мәз мейрам болысты.

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Нәрікбаев сөз сөйлеп, ғұмырларын білім саласына арнап, тәрбиелі оқушыларды, Қазақстанның абыройлы азаматтарын өсірген ұстаздар қауымына алғыс айтып, Наурыз мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде аудандық білім бөлімінінің басшысы Айгерім Аханқызы да ризалығын білдіріп, өзінің  осындай ұстаздардан тәлім-тәрбие алғандығын мақтан тұтатындығын жеткізді.

Аудандағы білім ордаларының өнерпаздары өнерлерін ортаға салып, Наурыз, ұстаз, Ана туралы өлеңдерін, мың бұралған бишілер тобы әсем билерін ұсынды.

Ұстаздар келген қонақтарға «Ақ мол болсын» деген ниетпен бауырсақ ұсынып, тостақтарға құйылған қымыз сусынын таратты.

Мерекелік концерттен соң ардагерлерге ақ дастархан басында наурыз көже берілді.

Аталған оқушылар сарайында Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық киім — ұрпаққа мұра» атты киімдер үлгісі көрсетілді.

Бұдан бөлек аудан әкімінің орынбасары оңалту-бейімдеу орталығы мекемесінің Наурыз мерекесіне қатысты.

Ол  мерекеге жиналған қауымға  жүрек жарды ақ тілегін білдірді.

Айта кетейік, оңалту бейімдеу орталығында ерекше балалардың оңалып, қатарға қосылуы үшін барлық жағдай жасалған. Соңғы жылдары иппотерапия, яғни балаларды атқа мінгізіп, эмоция арқылы емдеу тәсілі де енгізілген еді. Инватакси қызметі тұрақты жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, ауданға белгілі меценат, жомарт жан Алия Аубакирова Наурыз, Жаңа жыл мерекелері қарсаңында балаларға қуаныш сыйлап, ақ дастархан жаятын  дәстүрі биыл да ұмыт болған жоқ. Наурыз мерекесі балаларға  керемет көңіл сыйлады, олар ән айтып, би де биледі.

Сондай-ақ,  №9 Меркі колледжінде «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты іс-шара өтті. Оған ауданның белсенді азаматтары, ақсақалдар алқасы, әлеуметтік серіктестіктер мен колледж ұжымы және студенттері қатысты. Шара барысында «Құрсақ шашу», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» сынды салт-дәстүрлер көрсетілді.  Қазақтың арқан тартыс, асық ату ойындары ойнатылып, «қой көтеруден» жарыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.