• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары қызу жүруде

06.03.2023
0
Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары қызу жүруде
147
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары басталды. Ағымдағы жылы өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 770,4 мың гектарға орналастырылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артық.

Нақтырақ айтқанда, 398,3 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 72,1 мың гектарға майлы дақылдар, 44,8 мың гектарға көкөніс, 10,4 мың гектарға қант қызылшасы, 11,8 мың гектарға картоп, 16,8 мың гектарға бақша дақылдары және 216,2 мың гектарға мал азығы егілмек.

Бүгінгі таңда облыс бойынша жоспардағы 104 мың гектар жердің 605 гектары жыртылған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков атап өтті.

— Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 95,6 мың тонна тұқымның 73,1 мың тоннасы дайындалды. Бұл қажетті тұқым көлемінің 76,4 пайызын құрайды. Ал, жетіспейтін қант қызылшасы, дәндік жүгері, картоп, сүрлемдік жүгері мен күнбағыс дақылдарының тұқымын Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарынан және шет мемлекеттерден жеткізу көзделуде,-деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, биылғы егіс жұмыстарына 6883 дана ауыл шаруашылығы техникасы, яғни, 4 529 трактор, 1 071 соқа, 746 дана дәнсепкіш, 457 дана қопсытқыш, 80 дана тұқым дәрілегіш техникаларын жұмылдыру жоспарланған.

Жалпы, көктемгі дала жұмыстарына қажетті дизель отыны 15,5 мың тоннаны құрайды. Оның 4,1 мың тоннасы облысқа жеткізіліп, 495 тоннасы шаруашылықтарға таратылды. Жанар-жағар май 204-214 теңге аралығында босатылуда.

Қазіргі кезде Байзақ және Жамбыл аудандарында егістік жұмыстары қызу жүруде.

Айталық, байзақтық «Нұрхан» шаруа қожалығының егіс алқабында жер жырту жұмыстары бір апта бұрын басталған. Шаруа қожалық басшысы Қырықбай Рахымбердиев көктемгі егін егу жұмыстарын жүйелі жүзеге асырып, мол өнім алуға ниетті.

– 1995 жылдан бері шаруа қожалықтың жұмыстарымен айналысамыз. Осы жылдар аралығында пияз, жоңышқа ектік. Соңғы екі-үш жыл көлеміндегі су мәселесіне байланысты арпа егуге көштік.  Күн көзі жылыған сәттен үйдегі бала-шағамызбен бірге егіс алқабына шығып, тыным таппаймыз. Қазір 2 трактор жер жыртып жүр. Жергілікті билік тарапынан жеңілдетілген бағада дизель отыны берілетін болды, – деді қожалық басшысы Қ. Рахымбердиев.

Сондай-ақ, Жамбыл ауданындағы «Тимофеев» шаруа қожалығы 500 гектар аумаққа жаздық арпаның «Космос» және «Байшешек» сорттарын себуді көздеп отырса, «Асқар» шаруа қожалығы 10 гектар алқапқа пияз егу жұмыстарын бастап кеткен.

«Қызыл Дихан» өндірістік кооперативтінің 2000 гектар алқабында да жер жырту ісі үздіксіз атқарылуда. Мұндағы 1300 гектар жер суармалы десек, қалған аумаққа су үнемдеу технологияларын енгізу шаралары жүзеге асуда.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский