• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы әкімі шалғай ауылдардағы тұрғындармен кездесті

turan_admin turan_admin
24.02.2023, 23:23
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі шалғай ауылдардағы тұрғындармен кездесті
136
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов шалғай елді мекендердің бірі Мойынқұм ауданының Шығанақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

489 аула бар ауыл тұрғындарының басым бөлігі бау-бақша шаруашылығына бейімделген. Дегенмен, ол үшін бүгінде су мәселесі қолбайлау болып тұр.

Аймақ басшысы бұл түйінді түйіткілді арнайы цистерна орнату арқылы биыл шешу керектігін айтып, ауыл, аудан басшылығына нақты тапсырма жүктеді.

Бұдан бөлек, шығанақтықтар кәріз, қоқыс тазалау, тұрғындардың мәдениеттілігі, ауыз судың сапасы, медициналық пунктіден стационар ашу, автожолдан мал өткелін салу және өзге де мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі барлық сұрақтарға облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып, жан-жақты жауап берді.

Дәл осындай форматтағы кездесу Мыңарал ауылдық округінде де ұйымдастырылды.

Кездесуде елді мекендерді таза ауыз сумен қамту, газдандыру, «Жайлы мектеп», «Дені сау ұлт» және басқа жобалар туралы баяндалды.  Ауыл тұрғындары тарапынан электр желісінің жел тұрса өшіп қалатынын, таза ауыз судың қыс айларында қатып қалатыны, ауылға жедел жәрдем көлігінің керектігі айтылды.

Аймақ басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап берді.

— Облысымыздың кешенді даму жоспарына сәйкес 2025 жылға қарай ауылдарды таза ауыз сумен және табиғи газбен қамту мәселесі  толығымен шешіледі. Жолдардың, көшелердің жақсы жағдайдағы үлесін барынша арттыру да — басты назарда. Қазіргі таңда осы бағытта жан-жақты жұмыстар атқарылуда.

Барлық мәселелер рет-ретімен шешімін табатын болады. Осы орайда, жергілікті халық пен биліктің бір-біріне деген сенімі маңызды. Ортақ жауапкершілік болғанда ғана нақты нәтижеге жете аламыз.

Бүгінде аудан, ауылдық округ әкімдіктерінің жұмысқа деген көзқарасы өзгеру керектігін жиі айтып жүрміз. Олар тек мәселе көтеріп ғана қоймай, оның шешу жолдарын тауып, жұмыс істеуі тиіс. Үйлестіру, ұйымдастыру шараларына басымдық беруі қажет. Шағын инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын құруы керек. Бұл олардың жұмыс тиімділігінің нақты көрсеткіші болмақ,-деді Нұржан Нұржігітов.

Кездесулерден кейін облыс әкімі ауыл тұрғындарын жеке сұрағымен қабылдады.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов аталған елді мекендердегі балабақша, орта мектердің жұмысымен және ғимараттарының жағдайымен танысты.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.