• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында меритократия қағидатымен 160 мемлекеттік қызметшінің лауазымы жоғарылаған

turan_admin turan_admin
24.02.2023, 14:19
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында меритократия қағидатымен 160 мемлекеттік қызметшінің лауазымы жоғарылаған
179
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында кадрлық саясатты жүзеге асыруда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, меритократия және кәсібилік қағидаттарына айрықша назар аударылуда.

ҚР Президенті өз сөзінде «Мемлекеттік қызметке нақты сектордан меритократия және ашық бәсекелестік қағидаттарына сай іріктеуден өткен жаңа басқарушы азаматтарды аламыз»,-деп атап өткен болатын.

Айталық, өткен жылдың кейінгі тоғыз айында (сәуір-желтоқсан) өңірдің жергілікті атқарушы органдардына барлығы 470 тағайындаулар жүргізілген. Есепті кезеңде жоғары тұрған лауазымдарға төменгі лауазымдардағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан конкурстық негізде жылжыту және заңнамаға сәйкес басқа да тағайындаулар бойынша меритократия қағидатын нығайту қамтамасыз етілді. Жоғары тұрған лауазымдарға ауысқан қызметкерлердің орташа жасы – 36,9.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар бойынша лауазымдық          өсу – іскерлік қасиеттерге негізделе отырып, меритократия қағидаты арқылы 160 мемлекеттік қызметші (33,8%) жоғары тұрған лауазымдарға орналасты. Олардың қатарында аудандық деңгейде салалық бөлім басшылықтан аудан әкімінің орынбасарлығына көтерілген Рақымғазы Куньязов (Жуалы), Нұрсұлтан Нәрікбаев (Меркі), Бақыт Бетбаев (Шу) бар. Сондай-ақ, облыстық деңгейдегі облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыс әкімі аппаратының бес бөлімінің басшысы, бес басқарма басшысы және сегіз басқарма басшысының орынбасары да осы тізімде.

Атап өту керек, өткен жылдың сәуір айынан бүгінге дейін 5 басқарма басшысы және облыс әкімі аппараты басшысының бір орынбасары аудан әкімі  лауазымына тағайындалды. Олар: Меркі ауданының әкімі болған Жорабек Баубеков, Жуалы ауданының әкімі болған Жалғас Мұртаза, Т.Рысқұлов ауданының әкімі болған Ернар Есіркепов, Талас ауданының әкімі болған Нұрбол Жүнісбеков, Қордай ауданының әкімі болған Бекзат Болатбеков, Шу ауданының әкімі болған Бақытжан Жәнібеков.

Осы орайда облыстық деңгейде тәжірибе жинаған кадрлардың әлеуетін аудандардағы мәселелерді шешу, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін арттыру бағытындағы жұмыстарға жұмсауға мүмкіндік беріліп отыр.

Ал, бұған дейін Шу ауданының әкімі болған Сәкен Арубаев ҚР Парламенті сенатының депутаты болып сайланса, Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек облыс әкімінің орынбасары, Т. Рысқұлов ауданын басқарған Ерболат Садырқұлов облыс әкімінің кеңесшісі лауазымдарына тағайындалды.

Бұдан бөлек, облыстың 3 ауданын және Тараз қаласын басқарған             облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына көтерілді.

Сонымен қатар, республикалық деңгейде ұзақ жылдар тәжірибе жинаған кадрларды өңірге тартуға ісі де назардан тыс қалған жоқ. Біркездері облыстың әлеуметтік-саяси саласында, кейіннен осы бағытта ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде қызмет еткен Еркін Үйсімбаев, орталық мемлекеттік органда жұмыс атқарған Ерболат Ибрайханов та облыс әкімінің орынбасары қызметіне келді. Бұл қатарда Астана, Алматы қалаларында қызмет етіп келіп, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып тағайындалған Қайрат Бисембаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов та бар.

Сол секілді, жергілікті ішкі кадрлардың жоғарылауына да айрықша ден қойылған. Оған денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармаларына жаңадан тағайындалдаған басшыларды мысалға келтіруге болады. Бұлардың барлығы бұған дейін осы салада басқарманың бөлім басшысы, аудандық бөлім басшысы қызметтерінде еңбек етіп келген.

Жалпы, облыстық деңгейдегі кадрларлық ауыс-түйістердің ешбірі де негізсіз емес. Олардың бір мысалы ретінде мемлекеттік сатып алу саласындағы  жұмыстардың нәтижесіз және орын алған кемшіліктердің салдарынан тиісті басқарма басшысының қызметінен босатылуын атап өтуге болады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов ауылдық жерде тәжірибе жинақтау үшін аудан әкімінің орынбасары лауазымына ауысты. Ал, жастар саясаты мәселелері басқармасының бұрыңғы басшысы өз еркімен жұмыстан босатылып, Ш. Мұртаза атындағы ХТИИ тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қорыта айтқанда, меритократия қағидатына негізделген бұл бағыттағы жұмыстары ағымдағы жылы өз жалғасын тауып келеді. Жуырда ғана Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде ұзақ жылдар бойы нәтижелі еңбек еткен Улана Сламбекованың облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалуы соның дәлелі.

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз  қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.