• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

20.01.2023
0
ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
232
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Тараз қаласы  әл-Фараби көшесінің бойында орналасқан «Ақсай» базарында өрт оқиғасы орын алды. Өрттің салдарынан базардың екінші қабатында орналасқан жалпы аумағы 1050 шаршы метрді құрайтын  44 дүңгіршекке зақым келіп, кәсіпкерлер шығынға батты.    

Осы мәселеге орай қала әкімі Б.Орынбеков, қала прокуроры Ж.Сматов,  Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ә.Сарбатов және  қалалық полиция департаментінің бастығы А.Мадимаров «Ақсай» базарындағы өрттен зардап шеккендермен (дүңгіршек иелері, кәсіпкерлер мен сатушылар) арнайы кездесті.

Әуелі Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ә.Сарбатов оқиғаның мән-жайына тоқталды. 

–  Бүгін сағат 13.22-де Тараз қаласындағы Әл-Фараби көшесі, №7/1 мекенжайында орналасқан  «Ақсай» базарында өрт оқиғасы  тіркелді. 13.26-да өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына жетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 64 қызметкері мен 17 бірлік техникасы жұмылдырылды. Осылайша өрт 14.29-да оқшауланып, 14.56-да толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан сауда үйінің шатыры мен 44 бутик жойылды. Алдын ала мәлімет бойынша 90 кәсіпкер шығынға батқан, – деді басқарма бастығы. 

 Ал қалалық полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаровтың айтуынша, төтенше жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексi 292-бабы  «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу» бойынша іс қозғалған. Сондай-ақ  оқиғаның алдын ала себебін анықтау мақсатында 2 тергеу тобы құрылып, өрт-техникалық сараптама тағайындалды.

Бұл жердегі  кәсіпкерлер тарапынан көтерілетін негізгі сұрақ шығын мен залал мәселесі екені белгілі. Осы тұрғыда қала прокуроры Жамбыл Сматов: «Сіздер, құрылған тергеу тобының мүшелеріне  кәсібіңізге қатысты барлық мағлұматты, оның ішінде құжаттар мен келісімшарттарды, тауар саны мен көлемі туралы мәліметті ұсынуларыңыз қажет. Нәтижесінде шығын көлемі толыққанды есептелетін болады», – деді.

Шаһар басшысы Бақытжан Әмірбекұлының сөзінше, 2022 жылы 15 желтоқсанда сауда орындары басшылығының қатысуымен өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша арнайы басқосу өткізілген. Жиын барысында қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ә.Сарбатовтың тарапынан сауда орындарындағы кемшіліктер мен оларды жою бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Аталған ұсыныстар негізінде хаттама толтырылып, тиісті мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік нысан басшыларына жолданған. Сол жиында «Ақсай» сауда орталығының  қауіпсіздік мәселелері бойынша жауапты өкілі де қатысқан болатын. Өкінішке орай, бүгінде осындай жағдай орын алуда. 

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес зардап шеккендерге өз кәсібін жалғастыру үшін қаладағы өзге сауда орындарынан уақытша орын ұсыну қарастырылуда. Сонымен қатар, кәсіп үшін алған несиесін шегеру мен уақытша тоқтату жұмыстары бойынша банктермен келіссөздер жүргізіледі. 

Тергеу жұмысы толық аяқталғанша базар жұмыс істемейді. Сараптама қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге келген шығын көлемі толық есептелінеді, – деген шаһар басшысы «Ақсайдағы» алапат өртке қатысты барлық мәселе жеке бақылауында болатынын баса айтты.

Жиын соңында қала әкімдігінің қызметкерлері  мен өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер бірлесе арнайы белсенді топ құрды. Бұл топ өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге барлық жағдайды, қажеттілік пен сұранысты жеткізетін болады. 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты