• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында түзету кабинеттеріне қажетті құрал-жабдықтар берілді

turan_admin turan_admin
03.12.2022, 17:02
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында түзету кабинеттеріне қажетті құрал-жабдықтар берілді
210
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес және түзету кабинеттеріне, оңалту орталығына арнайы жабдықтар тапсырылды.

Арнайы жабдықтар 6 психологиялық – медициналық-педагогикалық кеңес, 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне және Тараз қаласының оңалту орталығына берілді. Нақтырақ айтқанда Монтессори кабинеттеріне арналған оқу құралдарына, Бильгоу тақталарымен (тепе-теңдік ұстауға арналған тренажер-тақталары), ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тексеруге арналған жиынтықтар мен ортопедиялық орындықтармен қамтылды.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов аудандық және қалалық арнайы білім беру ұйымдарының басшыларына ел Президентінің тапсырмасы бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтарының сақталуы және  өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

– Біз бірлесіп, балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтуды кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек, бұл балалар мүгедектігінің алдын алуға ықпал етеді.

Ең алдымен мұндай ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға көңіл бөлінуде. Жақында ғана олардың автопаркі 5 көлікпен толықты. Тағы бірнеше көлік сатып алу жоспарлануда. Жыл сайын жаңа түзету кабинеттері ашылуда. «Асар» орталығының базасында аква-монша, ипподром ашылады. Мамыр тоғайы абаттандырылуда, мұнда ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасалған. Мұның бәрі оларды қоғамнан сырт қалдырмау үшін жасалып жатыр. Сіздерге, әріптестеріңізге тынымсыз еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі.

Талас және Сарысу аудандарының түзету мекемелерінің басшылары жеке ғимарат бөлуді сұрады. Аймақ басшысы тиісті басқармаға бұл мәселені зерделеп, шаралар қабылдауды тапсырды.

Облыста ерекше білім беруді қажет ететін 8 мыңға жуық бала тұрады. Өңірімізде 29 арнаулы мекеме бар. Олар: 4 арнайы мектеп-интернат, 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, инклюзивті қолдауға арналған 5 кабинет, аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған «Асыл Мирас» орталығы.

Бұл күні Нұржан Нұржігітов Халықаралық мүгедектер күніне арналған қайырымдылық дастарханына қатысты. Шара барысында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Сондай-ақ спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.