• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Нұржан Нұржігітов таластықтардың талап-тілегін тыңдады

turan_admin turan_admin
10.11.2022, 11:58
Облыс жаңалықтары
Нұржан Нұржігітов таластықтардың талап-тілегін тыңдады
106
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданындағы бірқатар ауыл тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін облыс бойынша түрлі деңгейдегі әкімдердің халықпен 1040 кездесуі өткен десек, оның 32-і  облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған.

Алдымен аймақ басшысы Кеңес ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиында округ әкімі Еркебұлан Тәттібай атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша есеп берді.

Округ бойынша 2  елді мекен, 211 аула  бар, онда  1741 адам тұрады. 211 аула ауыз суға және 174 аула табиғи газға қосылған. 27 ауланың құжаттары рәсімделуде, жыл соңына дейін толық аяқталмақ.

— Ауылдық округ бойынша жалпы тіркелген 42 шаруа қожалық бар, оның ішінде 19 шаруа қожалық заңды жұмыс атқаруда. Қалған 23 шаруа қожалық иелерімен және округ аумағынан басқа жерге қоныс аударуына байланысты қожалықтарды жауып, тиесілі жерлерін қайта айналымға қосу жұмыстары жүруде,-деді Еркебұлан Тәттібай.

Өз кезегінде ауылдықтар ауыз судың сағаттап берілуі, ағын су, жолдарды жөндеу, субсидия және тағы да басқа мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі елді мекенге таза ауыз суды тәулік бойы беру бойынша жұмыс жүргізу үшін тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, округтегі үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалануда суармалы су мәселесінің маңыздылығына назар аударды. Бұл тұрғыда ауыл әкімі ұңғыма қазу жұмыстарын жүйелі түрде үйлестіру керектігін жеткізді.

Жиында өзге де мәселелерге аймақ басшысы облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып, жан-жақты жауаптар беріп, кейбір жайттар бойынша жауапты басшыларға нақты міндеттер жүктеді.

— Бұған дейін айтылғандай, ауылдық округ әкімдері елді мекендердегі барлық ауланың жағдайынан жақсы хабардар болып, олардың әрбірінің тұрақты табысының болуын қамтамасыз етуі керек. Жергілікті тұрғындарға мемлекеттік қолдаулар бойынша жан-жақты ақпарат беріп, құжаттама жұмыстарына көмек көрсетуі маңызды. Ауылда шағын жеке инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын құру қажет. Бұл – олардың жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі,-деді Нұржан Нұржігітов.

Дәл осындай кездесу С. Шәкіров ауылдық округінде де өтті.

Кездесулерден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.