Сабайлас жемқорлық мемлекеттің дамуына кері ықпалын тигізетін қауіпті құбылыс. Онымен күрес жүргізу әрбір азаматтың міндеті.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, даму үдерісін тежейді. Мемлекет сыбайлас жемқорлықпен қарқынды күресті барынша қатаң тәртіппен жүргізіп, өз тарапынан жемқорлыққа қатысты жазалау шараларын күшейтіп қанша заңдар қабылдасада, аталған қауіпті құбылысты түбегейлі жою мүмкін болмай тұрғаны бәрімізге мәлім.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жалы 1-ші ақпанда өткізілген кеңесте, заң үстемдігін орнату, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабу керек деп нақты атап керсетті.
Президентіміз сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мемлекеттік саясаттың негізгі міндетінің бірі екенін атап өтті.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық пен курестің ен тиімді жолы — адам бойында жемқорлыққа тезбеушілік сана қалыптастыру керек екенін айтқым келеді. Оны қалыптастыру отбасылық, тәрбиеден басталатыны бізге мәлім. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасайтын адамдарда сырттан келіп жаткан жоқ ол адамдар да біз тәрбиеленіп жатқан қоғамнан шыққан. Келінде тәрбие дурыс болмауынын себебінен осындай қадамға барды деуге болады. Сыбайлас жемқорлықпен курес жүргізудегі ауырталыктын барлығын тек мемлекетке артпай, әрқайсымыз ұл-қыздарымызға біреудін ала жібін аттамауды, кісінін ақысын жемеуді,аманатқа қиянат жасамауды үйреткеніміз абзал. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу үшін қоғам болып барлығымыз ат салысуымыз қажет. Сыбайлас жемқорлықты жойсақ мемлекетіміз дамып үлкен жетістіктерге жететініміз анық.
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніңдегі мамандандырылған сотының сот приставы Абылай Еламан