• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу туралы

27.07.2022
0
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу туралы
340
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қоғамдық қатынастарға нәтижелі және мақсатты құқықтық ықпал етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік саясатты іске асырудың түйінді құралы нормашығармашылық қызмет болып табылады.

Заңдардың іс-әрекетінің тиімділігі үшін құқықтық реттеу жүйесінде елеулі орын алатын уәкілетті органдардың сапалы және заңды сауатты құрастырылған актілерін толық көлемде уақтылы қабылдау қажет екенін атап өткен жөн.

Осы қызметтің маңыздылығын, сондай-ақ оның азаматтарға және жалпы қоғамға әсерін ескере отырып, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі – НҚА) әзірлеу және қабылдау процесіне заңнаманың тұтастығын, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ерекше талаптар қойылады.

Тұтастай алғанда, НҚА әзірлеу және қабылдау процесін мынадай кезеңдерге бөлуге болады: НҚА жобасын әзірлеу; оны «Ашық НҚА» порталында жария талқылау; міндетті сараптамалардың нәтижелерін, сараптамалық қорытындылар мен ұсынымдарды алу; жобаны мүдделі органдармен келісу; уәкілетті орган қабылдаған НҚА әділет органдарында мемлекеттік тіркеу.

Бірінші кезеңде уәкілетті орган НҚА қабылдау қажеттілігін және оны қабылдауға қолданыстағы заңнамада тікелей құзыреттің болуын айқындайды.

Бұдан әрі, әзірленген НҚА жобасы «Электрондық Үкімет» веб-порталының құрауышы болып табылатын «Ашық НҚА» порталында, сондай-ақ Қоғамдық кеңесте кеңінен талқылаудан өтеді, реттеу мәніне байланысты  міндетті сараптамалардан (мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық және т.б.) өтеді.

Сонымен қатар, осы кезеңде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын НҚА жобаларын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптамалық кеңес мүшелері қарайды. Бұл ретте реттегіш құралды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды, сол сияқты кәсіпкерлер үшін жаңа талаптар белгілеуді көздейтін НҚА жобалары бойынша Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.

Азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстарды мен ескертулерді негізді және заңды болып табылған жағдайда әзірлеуші органдар әзірленген жобаға түзетулер енгізе отырып, оларды қабылдайды.

Жария талқылау жүргізілгеннен және қажетті сараптамалар мен ұсынымдар (қорытындылар) алынғаннан кейін НҚА жобасы онда қаралатын мәселелердің мән-жайын негізге ала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын ескере отырып, құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуге жатады.

Бұл ретте «Құқықтық актілер туралы» Заңның 35-1-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын заңға тәуелді НҚА жобаларын әділет органдарының келісуін ажырату қажет, ол мүдделі органдар келіскеннен кейін Үкіметтің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес заңнамаға сәйкестігі, құқық нормаларының болуы және мемлекеттік тіркеу қажеттілігі тұрғысынан заң сараптамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

НҚА-ны әділет органдарымен жобалық түрде тіркеу алдындағы келісу рәсімі қабылданатын НҚА сапасын арттыру мақсатында енгізілгенін атап өткен жөн, бұл НҚА-ны мемлекеттік тіркеу мерзімін 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға да мүмкіндік берді.

НҚА-ны мемлекеттік тіркеу бұрын (2018 жылдың соңына дейін) қабылданған (қол қойылған) НҚА-ға қатысты әділет органдарының алдын ала олардың жобаларын келісімінсіз күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылғанын атап өту маңызды. Бұл ретте әділет органдары мемлекеттік тіркеу барысында НҚА-ны мемлекеттік тіркеуден бас тартуға не пысықтауға қайтаруға, сондай-ақ бұзушылықтарды өздері анықтаған уәкілетті органның НҚА-ны кері қайтарып алуына негіз болған қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтарды анықтады. Тиісінше, НҚА-ны қолданысқа енгізу мерзімі ұлғайды, олардың әзірлеуі көбінесе жаңадан басталған (НҚА-ны жою, жаңа нұсқасын әзірлеу, жария талқылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама және т.б.).

Көрсетілген фактілер қабылданатын НҚА құқықтары қозғалатын уәкілетті органдар мен азаматтардың тарапынан сын тудырды.

Осыған байланысты, мемлекеттік тіркеудің электрондық форматына көшу шеңберінде мемлекеттік органдар қабылдайтын НҚА сапасын арттыру және қайтару, бас тарту және кері қайтару жағдайларын қысқарту мақсатында 2018 жылдың соңында НҚА жобаларын тіркеу алдындағы келісуді енгізу туралы шешім қабылданды, оның барысында барлық қарама-қайшылықтар жойылады, бұл НҚА-ның тексерілген (пысықталған) жобасын уәкілетті лауазымды адамның қол қоюға және кейіннен мемлекеттік тіркеуден өтуіне дайындауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, НҚА мемлекеттік тіркеу кезеңінде бұрын келісілген НҚА жобасына және НҚА жобасы келісілген сәттен бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкестігі тексеріледі.

Осылайша, мүдделі тұлғалардың мүдделерін есепке алу қажеттілігі, қабылданатын НҚА заңдылығын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын НҚА-ны уақтылы, жедел қолданысқа енгізу арасындағы теңгерім қамтамасыз етіледі.

НҚА мемлекеттік тіркеу рәсімін жетілдіру, қазіргі заманғы және тиімді құралдарды кезең-кезеңімен енгізу, рәсімдерді оңайлату және жеделдету жөнінде шаралар қабылдау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

Нормативтік құқықтық актілерді

тіркеу Департаменті

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

10.05.2025
Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

10.05.2025
Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

10.05.2025
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты