Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының өкімімен Абдыхалыков Ержан Шайзадаұлы «Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулык сактау басқармасы Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы» шаруашылык жүргізу кұкығындағы мемлекеттік коммуналдык кәсiпорынының басшысы болып тағайындалды.
АБДЫХАЛЫКОВ ЕРЖАН ШАЙЗАДАЕВИЧ
1967 жылы Жамбыл облысы,Талас ауданында дүниеге келді.
1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1994 жылы Семей облысы Таскескен аудандық орталық ауруханасында хирург дәрігерінен бастады.
1995-1998 жылдары Тараз қаласының №5 қалалық емханасында дәрігер-хирург;
1998-2006 жылдары Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде дәрігер-хирург;
2006-2016 жылдары Байзақ аудандық туберкулезге қарсы ауруханасының бас дәрігері қызметтерін атқарды.
2016 жылы «Байзақ аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы» КММ атауы «Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы ересектерге арналған санаторийі» болып өзгертілді.