• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 06:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

НҰРЖІГІТОВ ЕСЕБІ: ҚАЗФОСФАТ, ТАРАЗ ФК ҚАРЫЗДАРЫ, САПАСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАР ТУРАЛЫ

turan_admin turan_admin
20.07.2022, 23:24
Облыс жаңалықтары
Нұржан Нұржігітов: Мектеп асханаларындағы ас сапасы – басты назарда болады
862
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізіп, ағымдағы жылдың 6 айының негізгі даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлар туралы кеңірек баяндады.

Бірақ біз өңір басшысының баяндамасын емес, елдің көкейінде жүрген сауалдарға берген жауаптарын ұсынамыз.

ҚАЗФОСФАТ ТАРАЗДЫ УЛАЙ БЕРЕ МЕ?

Нұржан Молдиярұлына “Қаңтар қасіретінде” құқық қорғау органдарынан зардап шеккен Нурадин Рақай сауал қойды.

Әкімнің айтуынша тексеру жұмыстары 26 шілде күні аяқталады. “Екі күн бұрын экология вице-министрі осы жерге жұмыс сапармен келді. Осы жұма күні министрлік тарапынан қосымша бір маман жіберіледі. Тұрғындардың  денсаулығына қауіп жоқ деп айтуымызға экология департаменті тарапынан екі жерден алынған өлшемдер дәлел. Ол Сүлейменов көшесіндегі 1 км аумақта орналасқан КазФосфаттың санитарлы зонасы болады. Шайқорық елді мекенінде тура сондай өлшемдер жасадық. Ол жерде нормадан асатын артық ештеңе анықталған жоқ. Содан сон осындай мәлімет бердік. Одан бөлек деңсаулық сақтау басқармасы тарапынан сол уақытта жедел –жәрдемге тұрғындардан түскен шағымдарға талдау жасалды. Мысалы сол күні және оның алдыңғы күнгі жедел-жәрдемге шалған қоңырау бойынша талдау жасасақ 100 адамнан да шағым түскен. Бүгінгі күні бізде екі азамат ауруханада жатыр. Біреуі тура сол Қазфосфаттың қызметкері. Ал екіншісіне профилактика жұмыстары жүргізіліп кері қайтарылды. Бір азаматтың сол КазФосфатта болған жағдай бойынша тамағы ауырып жатқаны болжанған. Бірақ тексеріс жасағанда коронавирус анықталды. Сондықтан осының бәрін ескере отырып жоғарыда айтылғандай шешім қабылданды. Енді комиссия мүшелері 26 күні жұмыстарын аяқтайды. Қалай болады, не айтатынын, не шешім қабылдайтынын сол кезде көретін боламыз”,-деп жауап берді Нұржан Молдиярұлы.

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ КЕТЕ МЕ?

Облыс әкімінің айтуынша Ержан Жылқыбаев еңбек демалысына шықты. “Сосын еңбек демалысынан соң ақысыз демалыс алған. Өзінің денсаулығына байланысты шет елде болды. Франция және Грузия мемлекеттеріне барған. 22 шілде күні жұмысқа шығуы керек. Тараз қаласында шешілмеген қанша проблема бар сол проблемаларды жүйелі түрде шешуге күш саламыз”,-деді әкім.

Біздегі инсайдерлік ақпарат бойынша Сапарбаев қызметтен кеткеннен кейін Нұржігітов Жылқыбаевты кабинетіне шақырып алып, “Мен сенімен жұмыс істей алмаймын” депті мыс. Алайда тағы бір ақпаратқа сәйкес Жамбыл оьлысының әкімі Ержан Жылқыбаевтың өтінішіне қол қоймай отыр.

“ҰЛЫ ДАЛА” ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДАУЫ ШЕШІЛЕ МЕ?

“Жылу жүйесінен бастап, электр жарық, абаттандыру мәселесін зерттедік. Ол жерде 71 көпқабатты үй соғылған. Жоспар үш рет өзгертілген. Қазір үй санын 150-ге жеткізу керек. Бірақ бастапқыда ол жердегі үйдің саны 50-ден аспауы тиіс екен. Соған байланысты жылу, электр жүйесі де, газ, абаттандыру жұмыстары да арнайы жасалмаған.  Қазір біз жылу беретін ғимаратқа бюджеттен қаражат бөлдік. Жылу жүйесінің күші жеткіліксіз. Үйдің саны көп. Біз енді ғана жылу жүйесін тұрақты түрде беруді жоспарлап отырмыз. Қосымша подстанция салу жоспарда бар. Құжаттары дайын, келесі жылы республикалық бюджеттен қаражат алып, құрылысын бастаймыз.

Мемлекетті кінәлауға болмайды, Жамбыл облысы бойынша арнайы бағдарлама қабылданған, 1 шаршы метр шығындары 140 мың теңгеден аспауы тиіс. Біз бірақ 140 мың теңгеге 1 шаршы метрден соғып жатырмыз. Бірақ үйді соққан соң сапасына жауап бересің. Біз қазір министрлікпен осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біз 1 шаршы метрге 240 мың теңге бөліну керектігін айтып жатырмыз. Бұл үйлерді кезекте тұрған азаматтарға береміз. Ал коммуналдық жерге 240 мың теңгеое 1 шаршы метрді сатып алуға тұрғындардың табысы жетеді ме? Қазір осы мәселе бойынша отбасы банкпен жұмыс жасап жатырмыз. Сосын бір шешімге келеміз.  Мен сіздерге биыл бәрін шеше алмайтынымызды айтқым келеді. Бірақ жұмыс жасаймыз. 2024 жылы шешіледі деген ой бар”,-деп түйіндеді өңір басшысы.

ҚОНАЕВ ЕСКЕРТКІШІНІҢ АЙНАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ

— Тараз қаласының орталығындағы Қонаев көшесінің бойынан Қонаевқа ескерткіші қойылып,  ол 13 тамыз күні ашылмақ. Ескерткіш маңын абаттандыру үшін 30 млн тг қаражат бөлінді, соның тең жартысы астындағы постаментке жұмсалды. Одан бөлек артындағы жердің жөндеу жұмысына тағы да ақша бөлінеді. Ескерткішті кәсіпкерлер өздері тұрғызған, 50млн тг көлемінде шығын кеткен. Маған өтініш түсті, қала бюджетінен қаражат бөлдік. Қызметтік автокөлік сатып алатын ақшаны сонда жұмсадық,- дейді Нұржан Молдиярұлы.





ҚАРЫЗҒА БАТҚАН “ТАРАЗ” ФУТБОЛ КЛУБЫ ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒА МА?

— Тараз ФК-ның былтырғы жылғы қарызы 1,2 млрд теңге. Үкімет тарапынан кәсіби спорт ұйымдарын қаржыландыру көлемі 1 млрд 200 мың тг ден аспау керек деген арнайы қаулы шығарылды. Былтыр ақша бөлінді. Бірақ сырттан келген легионерлермен қосымша келісімшарт жасалған. Бұл қарыз соның есебінен болып тұр. Бұл тексерілді. Қарыздың көлемі 700 млн тг. Қазір 500 млн теңгені қысқарттық. Легионерлер 3 адам, қалғаны өзіміздің өңірдің балалары. Маусым айының айлығы төленді. Шілде айының айлығы осы тамыз айында төленеді. “Казфосфат” 300 млн тг қаражат бөлді. Жасырмаймын, тағы бірнеше кәсіпкермен сөйлесіп жатырмын. Өзіміздің клубтың жағдайын жақсартуға барымды саламын. Себебі бірде бір спорт түрі мұнша көрермен жинай алмайды. Қазір футбол жақсы дамып жатыр. Кіші алаңшаларда жастар күн сайын футбол ойнайды екен. Футболға 7-8 мың халық жиналады. Бұл бірден бір мықты спорттың түрі. Сондықтан қолдау көрсетеміз, ары қарай жұмыс істейміз,- деді Нұржан Нұржігітов.

Өңір басшысы жарты сағат жылдық есебін оқып, екі жарым сағат БАҚ сұрақтарына тоқтамай жауап берді. Сұрақтарымызға нақты жауап алмасақ та, күнтәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере алдық.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzЕржан ЖылқыбаевҚАЗФОСФАТҚОНАЕВНУРХАН НУРЛАНОВНұржан НұржігітовТАРАЗ ФУТБОЛ КЛУБЫұлы дала
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.