• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:45
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТАРАЗДА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

turan_admin turan_admin
01.06.2022, 16:41
Облыс жаңалықтары
ТАРАЗДА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
334
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні Таразда жылдағыдан екеркше сипатта өрбіді. Өйткені, биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес «Балалар жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай көне шаһарда қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың тапсырмасымен балалар мен жасөспірімдерге арналып, 60-қа жуық танымдық, спорттық, мәдени- көпшілік іс-шара жоспары бекітілген еді. Оның басым бөлігі бүгінгі күні көрініс тапты.

Солардың бірі — орталық Т.Рысқұлов атындағы саябақта өткен «Жаңа Қазақстан балалар көзімен» атты мерекелік кеші. Балалар мерекесін шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев тамашалап, бүгінгі мереке иелеріне жылы лебіздерін жеткізді. Мұнда кішкентай қонақтарға арналып, аты айтып тұрғандай ерекше тосын сыйларға толы қызықты сәттер көп болды. Түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды. Мәселен, «Бақытты балалақ шақ» алаңшасында «Аквагримм», «Михенди»және интерьерлік дизайн мен джут техникасымен әшекей бұйымдар жасаудан шеберлік сағаттары өткізілді. Ал, «Ертегілер әлемі» алаңшасында көпшілік ертегілерде кездесетін қиял- ғажайып пен сиқырлы ойындарға тап болды. Жиналғандардың көңіл-күйін көтеру үшін саябаққа гүлдермен сәнделген сомакаттар, велосипедтер қойылып, балалар олармен қалағандарынша серуен құрды. Сонымен қатар алаңқайда арнайы «Көбелектер әлемі» орналасып, көпшілік түрлі көбелек түрлерімен танысып қана қоймай, оригами, аквагрим бағыттары бойынша фото зонаны тамашалады.

Арнайы шығармашалық орталықтың педагогтары «Шығармашылық шеберханасы» бұрышында келген қонақтарға «Боди арт», «Сән салоны» бойынша мастер класс өткізді. Балалардың бірқатары викториналық ойындарға қатысты, заман талабына сай тик-ток түсіріп жарысты. Осынау іс- шараға 5000-ға жуық бала қамтылып, демеушілер есебінен балмұздақтар мен сыйлықтар тарту етілді.

Дәл осы сәтте жаңадан ғана есігі айқара ашылған «Оқушылар сарайында» «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып, концерттік бағдарлама өтіп жатты. Ерекше балаларды мұнда ертегі кейіпкерлері қуанышпен, қызықты ойындармен қарсы алды. Келушілердің қабілеттерін ескере отырып, балалар акварель бояуларының және трафеттер арқылы суреттер салды. Пазлдар жинап, мультфилм кейіпкерлері сабын көпіршіктерін үрледі. Түрлі ертегі кейіпкерлерімен танысқан балалар қуаныштарын жасырмай, өздері де бірге ән салып, би биледі.

Мәдени-көпшілік кештер қалаға қатысты 11 аумақтық округте де жалғасын тапты. Әсіресе, қаладан алыс орналасқан «Құмшағал», «Шөлдала» шағын аудандары мен басқа да аумақтағы аула клубтарда әр жастағы балалар ұмыт қалған асық ату, гір тасын көтеру, ләңгі тебу сынды ұлттық ойындардан жарысқа түсіп, түрлі байқауларда бақ сынасты.

Ал, ертегі сүйер қауым А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында «Айболит пен қарақшы» қойлымын тамашалады. Бұл күні «Пиксель» кинотеатрында соңғы шыққан мультхикаялар тегін көрсетілді. Мерекелік думан кешқұрым «Жеңіс саябағында» жалғасты. Осының барлығын Тараздың өнерлі әрі шығармашыл жастарының ұйымдастыруымен өтті. Ең бастысы, бұл күн балалар мерекесінде естен кетпес ерекше сәттерге айналды. Тараздықтар таң сәріден, кеш батқанға дейін осылайша, балалардың өнерін тамашалап, үйдегі балақайларына мерекелік шат- шадыман қуаныш сыйлай білді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.