• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Балалардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру – көп мәселенінің алдын алады

turan_admin turan_admin
13.05.2022, 11:44
Облыс жаңалықтары
Балалардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру – көп мәселенінің алдын алады
478
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте кері байланыс, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және балалар жылын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Алғашғы мәселе бойынша облыс әкімінің кері байланыс жөніндегі кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы, «Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ-нің басшысы Бақкелді Тұрсынбек баяндама жасады. Олар әлеуметттік желідегі басшылардың белсенділігіне, көтерілген өзекті мәселелер мен өтініштерге жауап беру деңгейіне тоқталып, кемшіліктерді атап көрсетті.

Аймақ басшысы барлық сұрақтарға уақытылы және сапалы жауап беру керектігін, атқарылған жұмыстарды көрсете білу, қандайда бір маңызды шешім қабылдарда қоғамның пікірін ескерудің маңыздылығын баса айтты.

Экономика және бюджеттік жоспарларлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова ағымдағы жылдың қаңтар — сәуір айларында қалыптасқан облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы хабарлап, есепті кезеңде экономиалық өсім 108,1 пайызды құрағанын жеткізді. Ал, қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиев облыс бойынша бюджеттік қаражаттар 99,5 пайызға игерілгенін, бұл республика бойынша өңірлер арасындағы 4-ші көрсеткіш болып табылатындығын атап өтті.

— Барлық сала бойынша жұмыстарды қарқынды түрде жалғастыруға негіз бар. Тапсырмалар толығымен орындалып, көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 100 пайызға  шығу керек,- деді облыс әкімі.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов баяндама жасап, балалар жылын өткізу жөніндегі облыс әкімдігінің ведомствоаралық іс-шаралар жоспары бекітілгенін тілге тиек етті. Ол жоспар  «Білімді бала», «Отбасы – қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «Бала қорғау», «Балаларға қызмет», «bala_time.kz» секілді сегіз бөлімнен тұрады.

Басқарма басшысының айтуынша, «Балалар жылына» орай  балалардың алаңсыз, сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалуда.

Іс-шаралар жоспарының «Дені сау бала» бағыты бойынша мектеп асханаларында балалардың ыстық тамақпен қамту үлесін арттыру көзделген.

Биылғы оқу жылында 1-11 сынып аралығында жекелеген санаттағы 47601 балалар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде 23508-і  бастауыш сынып оқушылары (1-4 сынып).

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау – басты назарда. Қазіргі таңда облыстағы 28 арнайы ұйымда ерекше білім беру қажеттілігі бар 6403 балаға (81%) қызмет көрсетілуде.

— Біз балалар жылын өткізуде ерекшелікке мән беру керекпіз. Жылдағы атқарылатын жұмыстармен шектелуге болмайды.

Ерекше білім алуды қажет ететін балаларды100 пайыз білім және тәрбиемен қамтуға қол жеткізу керекпіз. Бұл бағытта жұмыс жасаймын, орталық ашамын деушілерге қолдау көрсетуге тиіспіз,-деген облыс әкімі осы тұрғыда жұмыс жасайтын 28 ұйымның жұмысының сапасына талдау жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, аймақ басшысы балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға айрықша назар аудартты.

— Балалаларға арналған түрлі мемлекеттік үйірмелердің барлығының жұмысы ойдағыдай еместігін мойындауымыз керек. Бұл мәселені қазір ата-аналардың өздері де көтеріп отыр.

Жалпы, көрсеткіш жақсы. Бірақ, тереңірек үңілсек кемшіліктерге көз жете түседі.

Қаншама шағын спорт алаңшаларын салып, үйірмелер ашып жатырмыз. Клуб, кітапханалардың да мүмкіндіктерін барынша пайдалану маңызды. Мектептердегі спортзалдар да кешкісін, демалыс күндері балаларға қолжетімді болуы тиіс.

Біз балалардың мектептен кейінгі бос уақытын ұтымды ұйымдастыра білсек, көптеген мәселелердің алдын-алар едік,-дей келе Н. Нұржігітов бұл бағытта жұмыс жасайтын мемлекеттік мекемелердің жұмыстарын зерделеу, қайта бағалау бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Дереккөз—Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.