• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:02
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында биыл 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

turan_admin turan_admin
04.05.2022, 12:36
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында биыл 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда
158
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте инвестиция тарту мәселесі қаралды.

Жиын барысында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, ауыл шаруашылығы басқармаларының және «Тараз» ӘКК ҰК» АҚ басшылары баяндама жасады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 63,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға артық. Инвесторларды көбіне ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, жаңартылатын энергия, туризм және балық аулау салалары қызықтырады.

Ағымдағы жылы жалпы 100,5 млрд. теңгеге 15 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, нәтижесінде 1011 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Олардың қатарында  «АЕК АСА «Отан Пауэр» ЖШС (күн электр станциясының құрылысы), «Тараз КТО» ЖШС (көкөніс сақтау қоймасының құрылысы), «Шенгелді ЖЭС»  ЖШС (жел электр станциясының құрылысы), «Қазфосфат» ЖШС (Минералды тыңайтқыштар зауытында аммофос өндірісі), «Satellie GS» ЖШС (құрамында алтыны бар кенді өндіру және байыту), «Қордай Жем» ЖШС (құрама жем өндіру бойынша жаңа қондырғыны енгізу) және тағы басқалар бар.

— Аудандардың әлеуетін ескеріп, терең талдау жүргізе отырып, тағы қандай жобаларды жүзеге асыруға болатынын анықтау қажет. Биыл 15 жоба жүзеге асыру көзделген. Бұл көп пе, аз ба? Біз басқармалардың, аудандардың инвесторлармен жұмысын қалай бағалаймыз? Бұл сұрақтарға ағымдағы жағдайды талдау жүргізген соң ғана жауап бере аламыз. Бізде нақты іс-қимыл жоспары болуы тиіс, — деп талап етті облыс әкімі.

Нұржан Нұржігітов өңдеу өнеркәсібі саласында негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша бірқатар аудан әкімдерінің жұмысын сынға алды.

— Ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар әрбір ауылдық округте жүзеге асуы тиіс. Біздің мақсатымыз – агроөнеркәсіп кешенін дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, — деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, «Тараз» ӘКК ҰК» АҚ-да агротехникалық сервис, Таразда ауыл шаруашылығы техникаларының шоу-рум салоны бар сервис және сервистік-дайындау орталықтарын құру мәселелері талқыланды.

Басқосу барысында әлеуетті инвесторлардан түскен ұсыныстарды талдау нәтижелері де қаралды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз жағымды инвестициялық ахуалды сақтауға мүдделіміз. Жұмыс істеуге, инвестиция тартуға ниеттілерді қолдауымыз керек. Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің жеке бақылауында болуы тиіс, — деп түйіндеді сөзін Нұржан Нұржігітов.

Жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, жиында ауыл тұрғындарының табысын арттыру пилоттық жобасының Байзақ ауданы бойынша жүзеге асу мәселелері талқыланды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.