Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде 1 сағат 40 минутта Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының шағын аудандарының бірінде бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Оқиға орнына шығу кестесіне сәйкес Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің күштері мен құралдары шұғыл жөнелтілді. 1 сағат 44минутта оқиға орнына бірінші өрт сөндіру бөлімдері келіп жетті.Үй пәтерлерінен 180 адамды ( оның ішінде 70 бала) қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндіруші-құтқарушылардың күшімен өрт 4 сағат 52 минутта оқшауланып, 5 сағат 14 минутта толық жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Жалпы, өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінен 40 адам жеке құрам және 12 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Еврохим ЖК — 1 бірлік техника және 8 адам, Қазфосфат ЖК – 1 бірлік техника, 3 адам, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарынан 2 бірлік техника мен 4 адам жұмылдырылды. Өрттерді болдырмау және адамдардың қаза болуы мен жарақат алуына жол бермеу мақсатында облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаулары қажеттігін ескертеміз.
Өрттің алғашқы белгілері байқалған сәтте (еріген сымның және түтін иісі) электр жабдығын сөндіру қажет. Жануды сөндіру үшін шаралар қабылдау қажет және туындаған оқиға туралы «101» немесе «112» нөміріне шұғыл хабарлау қажет.
Ал өрт күшейген жағдайда улы газдан уланудан сақтану үшін үй-жайдан сыртқа шығу қажет. Ал үйден шығарда әрдайым электр құралдарын қуат көзінен ажыратуды естен шығармаңыздар. Өртті сөндіргеннен ескерткен оңай!
Дереккөз; Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі






