Бүгінгі күні облысымызда 3435 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Олардың 698 – мемлекеттік, 25 – республикалық, 5- Халықаралық, қалғаны алдын-ала тізімге алынып отыр.
2021 жылы Жамбыл облысы аумағында орналасқан Ұлы Отан соғысының құрбандарына орнатылған 197 ескерткішке мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 197 ескерткіштің құжаттары түгенделді.
2021 жылдың маусым, шілде айларында Жамбыл облысы (Байзақ және Талас аудандары) аумағында орналасқан жоспары бойынша шаршылы немесе төртбұрышты келген ортағасырлық төрткүлдерге барлау және қазба жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты» Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының Талас археологиялық отряды (жетекшісі: жетекші ғылыми қызметкер, PhD доктор Е.Ш.Ақымбек) жүргізді. Мекеменің ғылыми қызметкері І.Е.Шайбек мекемеге қарасты тарихи – мәдени ескерткіштердің орналасқан жерін, қазіргі жай – күйін, қаншалықты деңгейде сақталғанын анықтап, археологиялық қазба жұмысының тәсілдерін біліп, меңгеру мақсатында далалық экспедицияның алғашқы күнінен бастап қатысты.
2021 жылдың қыркүйек, қазан айларында Жамбыл облысы, Талас ауданы Қаратау қаласының батыс шетінде орналасқан ортағасырлық «Тамды» қалажұртын (VI-XIII ғғ.) музейлендіру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарына мекеме тарапынан бақылау жұмыстары жүргізілді.
2021 жылдың қазан-қараша айларында Жамбыл облысы Байзақ ауданы көлемінде орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне далалық археологиялық барлау және құжаттама жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 52 тарихи-мәдени нысанның географиялық координаттары анықталып, есепке алу карточкалары толтырылды.
2021 жылы Жамбыл облымы әкімінің жанынан құрылған «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі» комиссияның қорытындысы негізінде 8 (сегіз) мемориалдық тақта орнатылды.
2021 жылы Тараз қаласындағы Д.Қонаев, Меркі ауданында Кенесары хан, Байзақ ауданында Ғ.Байтасовтың ескерткіштерін орнату бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан құрылған ҚР орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның келісімі алынды.
TURANINFO.KZ