Облыстық кино орталығына жаңа басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық кино орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына Қанатов Нұрлан Сатыбалдыұлы тағайындалды.
Бүгін басқарма басшысы Ерлан Жүнісбай Нұрманұлы кино орталық қызметкерлерімен жаңа басшыны таныстырып, алдағы қызметіне толағай табыс тіледі.
Қызметтік жолы:
2005-2007 ж.ж «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, президенті;
2007 ж. Республикалық «Жасыл ел» жастар жасақтарының штабы, директор орынбасары;
2007-2009 ж.ж. «Eurasian expert councel» қоғамдық қоры, вице-президент;
2009-2011 ж.ж. «Жамбыл облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, президенті;
2012 -2013 ж.ж. «Қожа ДАР» ЖШС, директор орынбасары;
2013 ж. «Киностудия KZ» ЖК, продюсер;
2013-2017 ж.ж «Киностудия KZ» ЖК, бас продюсер;
2014- 2017 ж.ж «Тараз Агро Импекс» ЖШС, директор;
2017 -2018 ж.ж. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы», директор орынбасары;
2018 -2020 ж.ж. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы», директоры;
2020 ж. «Yeti film» ЖШС, бас продюсері;
2021ж. Жамбыл облысы әкімінің креативті экономика мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі.